Пайданы бөлу (таза) – фирмаішілік жоспарлау бағыттарының бірі.
Пайданы бөлу (таза) – фирмаішілік жоспарлау бағыттарының бірі.
Кәсіпорын жарғысына сәйкеспайдадан қаржыландырылатын шығындар сметасы құрылуы мүмкін немесе арнайы тағайындау қорлары құрылуы мүмкін: жинақтау қорлары (өндірісті дамыту қоры немесе өндірістік және ғылыми-техникалық дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры) жәнетұтыну қорлары (материалдық ынталандыру қоры).
Пайдадан қаржыландырылатын шығындар сметасы өндірісті дамыту шығындарын, еңбек ұжымының әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталатын шығындарды, жұмыскерлерді материалдық сыйақылау және қайырымдылық мақсаттағы шығындарды қамтиды.
Кәсіпорын иелігінде қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі кәсіпорын мүлкін арттырып, жинақтау процесіне қатысады, екіншісі – тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды.
Жинақтауға пайдаланылған пайда ретіндегі бөлінбеген пайда және өткен жылдардың бөлінбеген пайдасыкәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, кейіннен даму үшін қаржы көзінің болуын дәлелдейді.
Кәсіпорын қызмет етуінің экономикалық мәні мен оның өндірістік-шаруашылық және қаржылық іс-әрекетінің нәтижелілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмегімен бағалауға болады.
Экономикалық талдау – кәсіпорынның қаржы ресурстарының жоспарлануы мен болжамдануына, олардың тиімді пайдаланылуына ықпал ететін маңызды кезең.
Қаржылық нәтижелерді талдау мәселелеріне кіретіндер:
баланстық және таза пайда көрсектіштерінің қарқынын бағалау;