Ұйым (кәсіпорын) пайдасын жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатқызады:
Ұйым (кәсіпорын) пайдасын жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатқызады:
1. тікелей шот әдісі.
2. аналитикалық әдіс.
3. бірлескен (кешенді) (1+2 әдіс).
4. нормативтік әдіс.
5. факторлық әдіс (факторлық талдау).
6. экономико-математикалық әдіс.
Пайданы жоспарлаудың екі дәстүрлі тәсілдері неғұрлым кең таралған – белгілі шектеулермен қолданылатын тікелей шот әдісі мен аналитикалық әдіс.
Тікелей шот әдісі. Тікелей шот әр номенклатуралық бағдар бойынша өткізілетін өнім санын (сату көлемін) өткізу бағасы мен әр бірліктің өзіндік құнына көбейтуге негізделген. Номенклатураның барлық бағдарлары бойынша келтірілген екі туынды сомалары арасындағы айырма пайданың жоспарланатын көлемін құрайды.
Салыстырылмайтын өнім бойыншаәр бірліктің өзіндік құны жоспарлы бірлік клькуляциялар бойынша анықталуы тиіс. Төмендегі формула қолданылады:
П = В – З немесе П = П1 + Пт – П2 , мұндағы П – пайда; В – түсім; З – өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны; П1, П2 – жоспарлы кезеңнің басы мен соңына дайын өнім қалдықтарындағы сәйкес пайда; Пт –жоспарлы кезеңнің тауарлы өніміндегі пайда.