12 Тапсырма Орындаған: Сарсенбай Ербахыт Группа: ги-18-2к. Тексереген: Усенова Д. К петропавл қ. 2020жыл



Дата07.02.2022
өлшемі31,33 Kb.
#96038
түріСабақ
Байланысты:
САРСЕНБАЙ Ербахыт . Ги-18-2к ДОТ



М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

12 Тапсырма

Орындаған: Сарсенбай Ербахыт
Группа: ГИ-18-2к.
Тексереген: Усенова Д.К

Петропавл қ. 2020жыл



<<Негізгі элементтерді және оларды Moodle жүйесінде қолдану ерекшеліктерін зерттеу>>
Moodle жүйесінде сабақ даярлау және өткізуде оқытушы курстың элементтер жиынтығын қолданады: глоссарий, тапсырма, практикум, жұмыс дәптері, сұрақ, форум, чат, wiki, сабақ, тест. Курстың түрлі элементтерінің үйлестірілуін түрлендіре отырып, оқытушы жаңа материалды меңгерту кезінде оқыту формасын нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестіріп ұйымдастырады.
«Тестілер» курс элементі оқытушыға сұрақтарды түрлендіре отыра тест құрастыруға мүмкіндік береді. Тестілеу сұрақтары деректер қорында сақталады және қайталанып бір немесе әр түрлі курстарда қолданылуы мүмкін. Тестілеуден өтуге бірнеше мүмкіндік беріледі. Тест жұмысына уақыт шегі болуы мүмкін. Тест жұмысының нәтижесін мұғалім бағалауы мүмкін және тест сұрақтарының жауаптарын көрсете алады. Ортада өзара бақылауды да ұйымдастырудың мүмкіндіктері бар:
- студенттер тапсымаларды орындау және орындалған тапсырмаларды қарастыру, бір бірін тексеру;
- студентке қолайлы кез-келген уақытта оқу мүмкіндігі;
- материалды көп қайтара өту (оқу) мүмкіндігі;
- өткен модульге әрқашан қайтып оралуға болады.
Қашықтан оқыту жеке дара оқыту негізінде жүреді. Білім алушы оқытудың түрін өзі таңдайды, жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін, кейбір бөлімдерді тастап кету мүмкін және т.б. Оқытудың бұл жүйесі студенттің өз бетінше жұмыс жасауын және өздігінен білім алу біліктерін дамытады. Қатынас мүмкіндігі – Moodle-дің жақсы жағының бірі. Жүйеде мұғалімдер мен оқушылар арасында жүретін кез келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады.
Moodle қашықтан оқыту жүйесінің мүмкіндіктері пайдаланып, информатика мамандығында оқитын студенттерге электрондық оқу әдістемелік кешен дайындалды .Бұл құралда курс бойынша дәріс сабақтары, зертханалық сабақтар, студенттерге арналған өзіндік тапсырмалар және тест сұрақтары қарастырылады.

Зертханалық жұмыс тапсырмаларын ұйымдастыруда, Moodle жүйесіне оқытушы енгізіп қойған тапсырмалардан студент өзіне берілген тапсырманы алып, қажетті ортада орындап файл түрінде қайтадан жүйеге енгізеді


Тест тапсырмалары жалпы тапсырмаларды құру бойынша құрылады. Содан кейін, құрылған файлда Тест тапсырмаларын енгізу үшін, Тест-ті өңдеу бөліміне өтеміз .
Бұл бетте тест тапсырмаларын кіргізе аламыз. Студенттің берген жауаптарының нәтижесі балл арқылы экранға шығады. Сонымен біз жүйеде дәріс, әдістемелік нұсқау, зертханалық жұмыс және тест тапсырмаларын орналастыруды қарастырдық. Осы жүйе арқылы студенттер қашықтан оқу курсы ретінде қолдануларына болады.
Осы құрал негізінде студенттер курс бойынша қосымша теориялық материалдарды оқып үйрене алады, зертханалық тапсырмалардың әдістемелік нұсқауларымен танысып, кейін тапсырмаларды орындауда пайдалана алуға үйренеді. Өз білімдерін тексеру үшін, тест сұрақтарына жауап бере отырып, білімдерін тексереді. Курс бойынша дайындалған электрондық оқу құралын информатика мамандығында оқитын студенттер, сонымен қатар жоғары оқу орнын сырттай оқитын студенттер де пайдалануларына болады. Мақалада Moodle ортасының қызметтерін пайдаланудың мүмкіндіктері сапатталды. Moodle жүйесінің он-лайн курстар жасаудағы мүмкіндіктері қарастырылып, электрондық оқу курсы жасалынды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет