Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары 1. Талдайды: ∙ шаруашылық қажетіне бөлінген қаржылық және материалдық қаражаттың дер кезінде, орнымен және тиімді жұмсалған-жұмсалмағандығын;
∙ материалдық-техникалық базасының жай-күйін;
∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының нәтижесін.
2. Болжам жасайды: ∙ материалдық-техникалық базасын дамыту стратегиясына түзетулер енгізу үшін білім беру ісіндегі қаржы саясаты жағдайларының өзгеру тенденцияларын;
∙ материалдық-техникалық базасын жетілдіру мен дамыту жөнінде жоспарланған жұмыстардың болашақ салдарлы нәтижелеріне.