7. Жөндеу жүргізу, күтім жасау және жарақтандыру жұмыстарының орындалу барысына түзетулер енгізеді. 8. Әзірлейді: ∙ өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттамаларды;
∙ шаруашылық дербестігін кеңейту, коммуналдық және басқа қызмет көрсету түрлері бойынша дер кезінде қажетті шарт жасау жөнінде тиісті шаралар.
9. Қамтамасыз етеді: ∙ техникалық күтім жасау, жарақтандыру, жөндеу жұмыстары бойынша қажетті шаруашылық шарттарының дер кезінде және орнымен жасалуын;
∙ материалдық-техникалық жарақтар мен жабдықтар алуға есептік шоттардың дер кезінде, дұрыс ресімделуін және уақтылы алынуын;
∙ оқу кабинеттері, шеберханалар, тұрмыстық, шаруашылық және басқа оқу-жайлар үшін тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай, кеңсе заттарының, жұмсалатын материалдардың, жуу құралдарының, жабдықтар мен инвентарлардың дер кезінде алынуын;
∙ территориясында ауыр нәрселер тасымалдау, түсіру-тиеу жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын;
∙ негізгі ғимараты мен өзге де орын-жайларын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын; олардың мезгілімен тексеріліп, бақыланылуын;
∙ жаңа оқу жылына дер кезінде дайын болуын;
∙ материалдық құндылықтарының, мүліктерінің, жиһаздары мен инвентарларының ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікпен сақталуын;
∙ өрт қауіпсіздігі инвентарларының есебі алынуын және сақталуын, жұмсақ және қатқыл инвентарлардың құрғатылуын, жуылуын және жөнделуін;