Сабақ тақырыбы: Тың игеру жылдарындағы Қазақстан Күні Мұғалімнің есімі Танысбекова. М. Ж



Дата14.03.2020
өлшемі93,31 Kb.
#60192
түріСабақ
Байланысты:
сабақ тың игеру


Мектеп: «Матай орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Тың игеру жылдарындағы Қазақстан


Күні

Мұғалімнің есімі Танысбекова.М.Ж


Сынып 9

Қатысқандар саны 16

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын тал талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзге өзгерістерге баға беру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: демографиялық өзгерістердің себеп-салдарын аныанықтайды;

Оқушылардың басым бөлігі: Тың игеру жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайын талдайды;

Кейбір оқушылар: Кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылындағы өзгерістерге баға береді;

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


- Демографиялық өзгерістердің себеп-салдарын анықтанықтай алады;

- Оқушылар тың игеру жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайын талдайды;

- Кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылынғындағы болған ерекшеліктергін анықтайды;

- Тың игерілген облыстарды картадан таба алатын болады



Тілдік мақсат:

Демография, тың, тыңайған жерлер, эрозия







Құндылықтарды дарыту

Отан сүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

География, дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик материалдыары, слайд

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


5 мин

15 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал тудыру

Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады.



Өткен сабаққа шолу

Таза тақта әдісі 10 сұрақ

1.1959 жылы Теміртау оқиғасының себебі неде болды?

2. Теміртау оқиғансынан кейін қандай нәтижелер болды?

3. КСРО-ны Хрущев басқарған 1953-1964 жылдарды ....... деп аталды?

4.Н.С.Хрущевтің билік еткен жылдары?

5. 1956ж маусымда қандай қаулы қабылданды?

6.Теміртау оқығасы қай жылдары болды?

7.1956 жылы Н.М.Хрущевтің бастамасымен және оның жеке бақылауымен қандай лагерь жойылды?

8.И.В.Сталиннан кейін билікке кім келді?

9. не себепті «Хрущев жылымығы» деп аталады?

10. 1961 жылы КОКП XXII съезінде социализмнен кейін қандай режимге ауысты?



Ой қозғау:

Бейнеролик

Осы видеода не бейнеленген?

Қандай ой түйдіндер?

Осы бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Бұл тақырыпқа қандай мақсат қоясындар?



Топтық жұмыс:

Топқа бөлу: Пазл құрастыру



І-топ: Комбайн

ІІ-топ:Трактор

ІІІ-топ Жүк машинасы

I-тапсырма: Ойлан, бірік,бөліс. (Мәтінмен жұмыс)

І-топ: Н.Хрущевтың аграрлық саясаты

Көптеген мәселелер ішіндегі ең кұрделірінің бірі ауылшаруашылығының дамуы мәселесі болды. И.Сталин қайтыс болғаннан кейиін, 1953 жылы қыркүйек айында өткен КОКП ОК мәсжілісі ауылшарушылығында қалыптасқан жағдайға арналды. Мәжілісте ашаршылық пен тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етудегі сәтсіздіктер мойындалып, шаруалардың материалдық мүдделерін көтеру қажеттілігі айтылды.

Н.Хрущевтің пікірінше, өзгертудің жіне дәнді дақылдар өндіру арттырудың негізгі әдісі егістік алаңдарды кеңейту болды. Орталық Ресейде, КСРО-ның оңтүстігінде, Батыс Сібір жіне ОРал маңындағы тың жерлерді игеру жұмысын жүргізу керек болды. Тың жерлерді игеру Хрущев кезеңінде жүзеге асқан ірі аграрлық жоа еді. Республика басшыларына тың жерлерді игеру жоспарын жасау туралы ұсыныс жасалды. Мұндай жоспар КОКП ОК-не 1953 жылы қараша айында берілді. Онда Қазастанның егістік жерлері төрт жыл ішінде 25 млн гектарға өсетіні белгіленді.

ІІ-топ: Қазақстанда тың игерудің басталуы

Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игеруі 1954 жылы басталды. Осы жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ сияқты аймақтарда жүргізілді. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанның алты облысында жүргізілді. Бұлар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар, Ақмола облыстары. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар жер жыртылды. Жалпы тың игеру жылдары (1954-1965) Қазақстанда 25 млн гектар жерге егін егілді. КСРО бойынша 42 млн гектар жер жыртылған екен. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді.Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. Алғашқы екі-үш жылда Қазақстанға тың игеру деген желеумен Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Молдавиядан 650 мың жұмысшы көшіп келді. Ал шындығында 130 мың адам ғана керек еді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды.

Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік тағы басқа көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды. Алайда тың игерушілер қатарында жеңіл пайда табуға келгендер де бар еді. 1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом қаражат жұмысалды. Нәтижесінде ел астықты алқапқа айналды.



ІІІ-топ: Тың игерудің статистикасы

Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.



Топтық жұмысқа бағалау: Екі жұлдыз,бір тілек





Ортасы
15 мин

ІІ-тапсырма

Жұптық жұмыс:Ақпараттық органайзер





Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің зияны








Сергіту сәті:

Атом және молекула ойыны


ІІІ-тапсырма

Жеке жұмыс. Тапсырма: Картаға масақтарды тың игерілген аймақтарға бейнелеу.Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары










Аяқталуы


5 мин

Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма. «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» Тест сұрақтарын құрап келу

Рефлексия. «Табыс ағашы»
Қызыл алма – Барлығы түсінікті,тапсырмаларды дұрыс

орындадым


Сары алма- Білімімді толықтыруым керек
Жасыл алма-Тапсырмаларды орындауда қиындықтар болды




Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет