3. Жоспарлайды және ұйымдастырады: ∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының ағымдағы және перспективалық сипаттарын;
∙ техникалық және қызмет көрсету персоналдарын жұмыс орнында үйретуді және нұсқамалар беруді (алғашқы және мерзімдік);
∙ қажетті шаруашылық құжаттамаларын әзірлеуді;
∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының сапасына жүйелі түрде бақылау жасауды;
∙ өткізілетін емтихандар мен өзге де шаралар үшін орын-жайлар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;
∙ территорияны көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;
∙ оқу кабинеттері мен өзге де орын-жайларын оқытудың заманауи жабдықтарымен, көрнекі және техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі шараларды;
∙ білім беру процесінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды;
∙ орын-жайларда электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеу, жылу желісі мен сығымдалған және сұйытылған газ түрлеріне арналған баллондар қысымында жұмыс істейтін сауыттарды мезгілдік сынақтан өткізу мен куәландыру, нормативтік талаптар мен еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ауа құрамындағы шан, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдау, жарықты өлшеу, радиацияның, шудың бары-жоғын тексеру шараларын жүргізуді;
∙ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді;
∙ медицина мекемесімен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтіп тұруға тиісті кіші қызмет көрсету персоналы тұлғаларының тізімін жасауды; ол тізімде мерзімдік медициналық байқаудан өту қажеттігі себебін, яғни факторын көрсетуді;
∙ мүліктерін инвентарлы есепке алуды; мүліктерге инвентаризация жасап, есеп беру құжаттарын дер кезінде жасайды, өзіне бекітілген жұмыс учаскесі бойынша құжаттама жүргізеді;
∙ материалдық жауапты тұлғалардың материалдық жабдықтарды дер кезінде есептен шығару жұмыстарын;
∙ кем дегенде 5 жылда 1 рет техникалық персоналға арналған жұмыс түрлері бойынша еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуді ұйымдастырады;
∙ ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.