№ 12 Зертханалық жұмыс
МАГНИТ ӨРІСІНІҢ ТОКҚА ӘСЕРІН БАҚЫЛАУ
Жабдықтар:
Сым орамдары, штатив, тұрақты ток көзі,реостат,кілт,жалғағыш сымдар, таға тәрізді магнит.
Жұмысты орындауға әзірлік
Сым орамдарын штативке асып қойындар да, оны реостатпен және кілтпен тізбектей ток көзіне жалғастырындар. Кілт алдын ала ажыратулы, ал реостат сырғымасы барынша үлкен кедергіге қойылуы керек.
Экспериментті өткізу
Ілілу тұрған сым орамына магнитті жақындатып, кілтті қосындар. Содан соң орамның қадағаландар.
Орамның және магниттің орналасуына қатысты бірнеше өзіндік сипаты бар варианттарды іріктеп алындар және магнит өрісінің және токтың бағыттарын, магнитке қатысты орамның мүмкін болатын қозғалу бағытын көрсетіп, олардың суретін салындар.
Орамның қозғалу бағыты және оның сипаты туралы ұйғарымның дұрыстығын тәжірибеде тексеріндер.
Достарыңызбен бөлісу: |