12 Зертханалық жұмыс резистивтік сымның кедергісін анықтау жұмыстың мақсаты


Құралдың механикалық құрамы және жұмыс істеу принципі



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі313,88 Kb.
#91841
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 Зертханалық жұмыс

Құралдың механикалық құрамы және жұмыс істеу принципі.

4-сурет. FPM-1 құрылғысының жалпы түрі

FPM-1 құрылғысының жалпы түрі 4 – суретте көрсетілген. Құралдың табанында (1) қозғалмалы реттеу тетігі бар, солардың көмегімен құралды тегіс етіп орналастыруға болады. Табанға метрлік шкаласы (3) бар колонна (2) бекітілген. Колоннада екі қозғалмайтын (4) және бір қозғалмалы (5) кронштейндер бекітілген, бесінші кронштейнді (қозғалмалы) колонна бойында кез келген жерде бекітуге болады. Жоғарғы және төменгі кронштейндер арасында резистивті сым (6) тартылған, ол винттер көмегімен кубиктерге (7) бекітілген. Түйіспелі қысқыш арқылы қозғалмалы кронштейн де резистивті сыммен жақсы гальваникалық байланыс қамтамасыз етіледі. Қозғалмалы кронштейнде жасалған сызық (белгі) метрлік шкаладан (3) өлшенетін резистивті сымның ұзындығын анықтауды жеңілдетеді. Төменгі, жоғарғы және орталық резистивті сымның жылжымалы контактілері құралдың орталық корпусында орналасқан оның өлшеуіш бөліктеріне төменгі кедергілер сымдар арқылы жеткізіліп, винттердің көмегімен табанға (1) бекітілген.


13 - «желі» - желіні қосатын батырма. «Желі» батырмасын басу арқылы қуат көзінің кернеуі қосылады, оны визуалды түрде неон шамының жанғанынан байқауға болады.
14-(MOSTEK) - жұмыс түрін ауыстырып – қосқыш. Батырма басылмаған жағдайда құрал тұрақты ток көпірімен жұмыс жасауға, ал басылған батырма резистивті сымның актив кедергісін техникалық әдіспен өлшеуге мүмкіндік береді.
15- жұмыс схемасын ауыстырыпқосқыш: батырма басылмаған жағдайда - ток дәл өлшенеді де, ал басылған жағдайда кернеу дәл өлшенеді.
16(REG)- токты реттеу - токты реттеу (сәйкестендіру) потенциометрі.
17 ( ) - тұрақты токтың сыртқы көпірін қосудың лабораториялық қысқыштары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет