Сабақтың тақырыбы: Электр кабельдері, сымдар және электр бау сымдар (шнуры)



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі0,88 Mb.
#24528
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Электр кабельдері, сымдар және электр бау сымдар (шнуры)

Мамандығы: «Электрожабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Теориялық сабақпен өндіріс сабағын ұштастыру, сымдармен кабельдердің түрлерімен таныстыру;

Дамытушылық: Сымдармен кабельдерді таныстыра отырып, оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу, теориялық білімін практикада қолдану қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Таңдаған мамандықтары мен техникаға сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар: сымдардың түрлері,монтер пышағы, тістеуіктер;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі 8.30 -8.35

- Оқушылардың сабаққа қатысуы мен құралдарын тексеру;

- Лабораториялық сабаққа сай киімдерін тексеру;

- Топқа бөліп сабаққа зейін аудару;

ІІ. Кіріспе нұсқау 8.40 -9.15



  • Сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру;

  • Теориядан өткен сабақты оқушылардың есіне салу,сұрақтар кою;

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;


Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады.Ток өткізгіш талсым (жила), оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элементтері болып табылдады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элементтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болады.


Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөнгелекпішінде дайындайды, секторлық және сегменттік түрінде,сонымен қатар 120,150 және 185мм² аралас секторлы қима түрінде шығарады.

Кабелдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіңдірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады.Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады.

Кабельдің сыртқы қабаты қорғасын, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады.Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның басқа да зиянды әсерлерінің салдарынынан механикалық зақымдалудан қорғайды.Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.



Олар оқшаулағыш талсымды жарықтың, ылғалдың, химиялық заттардың және қоршаған ортаның басқа да факторларынан, сонымен қатар механикалық зақымданудан қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет