9 ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ ТОКТАРЫН ЕСЕПТЕУ
9.1 Бір кВ-тан жоғары тораптарға есеп жүргізу
ҚТ токтары құрылғыларды, сымдарды, кабельдерді, шиналарды ҚТ токтарының термиялық және динамикалық беріктігін тексеру үшін қолданылады.
ЭҚЕ-не сәйкес ҚТ режимі бойынша кейбір 60 А токтарымен балқығыш сақтандырғыштарымен қорғалған өткізгіштер мен электр құрлғыларын, сонымен қатар электр және технологиялық бөлімдерінде резерві бар қуаты аз желілердегі жауапкершілігі жоқ қондығылар мен өткізгіштер тексеруден босатылады. Бұл жағдайда өрт және жарылыс мүмкіндіктері болмауы тиіс.
Есептелу кезінде анықталады:
-токтың периодты құраушысы
-ҚТ орнында
-ҚТ тогының апериодтты құраушысының бастапқы ең үлкен мәні
Жалпы жағдайда ҚТ бастапқы моментін, яғни – ҚТ екпінді тогын токтың периодты құраушысының амплитудасына тең деп қарауға болады.
ҚТ тогының периодтты құраушысының амплитудасы екпінді ток орнаған мезетте ҚТ бастапқы моментіндегі бұл құраушы амплитудасына тең деп есептеуге болады.
(9.1)
мұндағы KУД - екпінді коэффициент, Та уақыт тұрақтысы мен ҚТ тізбегінің кедергілерінің қатнасына , х/r байланысты.
Қысқа тұйықталу токтарын есептеу әдістері «Электроэнергетикадағы өтпелі процесстер» курсында толығырақ қарастырылған.
Есептеу реті жалпы есептеу әдістемесіне сәйкес келеді. Бірінші кезеңде ТЭР негізінде ЭЖ сұлбасы бойынша элементтердің тек электрлік байланысы көрсетілген орын басу сұлбасы құрастырылады. Өзгертілген сұлба бойынша ҚТ токтары есептеледі.
Кішкене электр қамдандыру объектілері мен өндірістік кәсіпорын желілеріндегі қысқа тұйықталу токтарын есептеген кездеөзіндік ерекшеліктері бар. Қоректендіретін желінің техникалық сипаттамалары, энерго жүйенің қуаты әр кез белгілі бола бермейді. Бұл жағдайларда кейбір ұсынылатын жеңілдіктер алынады.
Егер ҚТ нүктесінен алысырақ жатқан генератор, трансформатор және тағы басқа элементтердің энергетикалық жүйесінің бөліктері белгілі болса, онда бұл жүйе бөлігін бастапқы есептеу сұлбасында амплитудасы бойынша тұрақты ЭҚК бір энергия көзі және индуктивті эквивалентті қорытынды кедергі түрінде көрсетуге болады.
Бұл көздің ЭҚК-ін желінің орташа номиналды кернеуіне тең деп қарастырған жөн. Ол алыс және баса электроэнергетика жүйесінің бөліктерін байланыстырады, ал қоектендіру көзінің қорытынды эквивалентті кедергісін ХС көрсетілген желіде қайсы – бір түйін нүктесінде ҚТ кезінде эквиваленттендендірілген жүйе бөлігіндегі белгілі IС тогына байланысты анықтайды:
. (9.2)
Егер осы желі үшін базистік кернеу ретінде сәйкес орташа номиналды кернеу алынған болса, онда
, (9.3)
мұндағы IБ- түйін нүктесі табылатын сәйкес басқыш кернеуінің базистік тогы .
Электроэнергетика жүйесінен алыста орналасқан ҚТ тогы туралы мәліметтер белгісіз болған кезде қорытынды эквивалентті кедергінің ХС минималды мүмкін мәнін түйіндік подстанцияда орнатылған ажыратқыш параметрлеріне, яғни (9.2) және (9.3) формулаларындағы жүйеден алыс орналасқан ҚТ тогын IС бұл ажыратқыштардың номиналды өшіру тогына тең деп алғанда бағалауға болады.
ҚТ токтарын есептеу атаулы және салыстырмалы бірліктерде жүргізіледі.
ҚТ токтарын есептеу тәсілдері
1)Шексіз қуат көзінен.
Есептелетін нүктенің қоректендіру көзінен Е=const айтарлықта алыс орналасқанда және аса өтпелі ҚТ тогы,
(9.4)
ҚТ қуаты
(9.5)
Егер , онда .
2) Есептелетін қисықтарға байланысты. ҚТ нүктесі қоректендіру көзіне жақын орналасқанда қолданылады
(9.6)
Егер базистік қуатты жүйенің қосынды қуатына тең деп алсақ, онда SБ=SН болғандықтан ХР=ХБ
t уақыт мезетіндегі ток келесі түрде анықталады
(9.7)
kt – ҚТ тогының еселігі есептелетін қисықтар бойынша анықталады.
3) Төмендеткіш ПС үшін есептеу
1 Нұсқа. Жүйе қуатына келтірілген SC және ҚТ нүктесіне дейінгі кедергі берілген мәні ескеріледі. Егер , онда токты есептелетін қисық бойынша анықтаймыз
(9.8)
(9.9)
Егер , онда
2 Нұсқа. және трансформаторлардың паспорттық мәндері берілген
Онда болғанда анықталады : ;
(9.10)
(9.11)
болғанда, жүйенің қуаты мен ҚТ тогы
Достарыңызбен бөлісу: |