Алмасхан :
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті бар!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.
Жансая :
Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Мұғалім :
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақниетті аналар!
Ән «Аналардың тілегі»
Орындайтын: Жибек Таңатарқызы.
Видеоролик“ Әке мен бала ”
Балнұр :
Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.
Әбубәкір:
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Жибек :
Не десең де әкежолыбірбөлек,
Қайдажүрсең қолтығыңнантұрдемеп.
Нағызәкеақылгөй де асқаржан,
Барлықұрпақәкелерденбасталған.
Ән « Анажаным » хор
Видеоролик“ Баланың тәрбиесі ”
Мұғалім:
Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.
Жазира:
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспынайналсам да жербетінен.
Ерсұлтан:
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Гүлсезім:
Ержетіп есейген де балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Достарыңызбен бөлісу: |