№121 орта мектебінің 8 «а»сынып оқушыларының жалпы мәліметі



бет3/7
Дата05.02.2022
өлшемі222,63 Kb.
#17682
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Әйгілі еткен туындылары.

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнекейдің жазығы»хикаяты, «Әнші»әңгімесі, «Ел қорғаны», «Шернияз»пьесалары.

«Жалғыз арша», «Ағаш аяқ», «Смет», «Балқадиша», «Дударай»,сияқты әндерді халық арасына таратты.


ІІІ Негізгі бөлім 1.Ғибратты ғұмыр.
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі ән құдіреті, шығармадағы Әмірқан бейнесі.Жүсіпбек өнерінің көп қырының бірі – әншілік, сахнагерлік. Демек Жүсіпбек халқының әншілік өнерін аса қадірлеп, өз де ән салған. Қазақтың ұлы әншісі жайлы «Әнші» деген классикалық әңгімесінен аңғарарымыз ән халықтың тарихын, өткен өмірін көрсетеді.
Халқымыздың мәдениеті, бабаларымыздың асыл мұраларынан сыр
шертеді. Ән замана тыныштығын қорғайды, туысқан халықтармен
біріктіреді, достыққа шақырады. Әңгімедегі Әмірқанның прототипі –
қазақтың біртуар, арқалы әншісі, Парижде(1925) өткен бүкіләлемдік этнографиялық концертте дүйім жұртты таңдай қақтырып, аузына
қаратып тамсандырған ұлы әншіміз – Әміре Қашаубаев. Ол Арқаның өнер тарландары Біржан, Ақан сияқты дарабоз әншілердің үздік дәстүрін
жалғастырушы шәкірті, ән дүлдүлі. Ә. Қашаубаев 1888 жылы ШҚО Абыралы ауданындағы Дегелең тауында дүниеге келген. 1927 жылы Германияға шақырылып Майндағы Франкфруттың Үлкен театрында 9 концерті табысты өткен. 1934 жылы 6 қарашада қайтыс болған.
Әңгімеге әдеби-теориялық талдау
2.Композициялық құрылысы

Оқиғаның басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Жетішатыр қаласында әншімен алғаш таныстық

Ән құдіреті

Наурыздағы ойын-сауық

Ақтамақ хикаясы

Өлімді жеңген өнер құдіреті

Ғашықтардың айырылуы

2. Әмірқанның мінездемелік сипаты



Әмірқанның мінездемелік сипаты

Әңгімеден алынған үзінділер арқылы дәлелдеу

1.Түр-түсі,сыртқы бейнесі

«Шәулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер» жігіт. Өзге шығарушылардан Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.

2. Қарапайымдылығы.

Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі шәкеттігінде көрген Әмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт.



3.Орындаушылық шеберлігі

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір-бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегей болды. Сүмірейте, қылмита соқты; желдете, құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойыңды шымырлатты. ...Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды. Топ көргенде Әмірқан әруақтнып, көтеріліп кетеді екен. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды.

4.Өнерге сүйіспеншілігі



Ән салса, ол өзін- өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа болажаралған адам. Ән салса, рақаттанып, гүл- гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.



5. Ән мен әншіге деген көзқарасы



Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады.Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма,шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат… Есіл әнді бей- береке қылады. Бет- аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой… Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқым келмейді.



6. Адамға үйірсектігі

Әмірқан кісіге тез үйір болатынжолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.

7. қонақжайлылығы.

- Менің құжырамды да бір көріңдер,- деп қайта- қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.
Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты.



8. Махаббатқа адалдығы



Сөйткен Ақтамақпен бір- ақ жұмадай дәурен сүрдім. Ой, дүние- ай!- деп, Әмірқан ауыр күрсінді де, дыбыссыз қалды. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен. Жұбатайын деп:

  • Ой, саған не болды?!- дедім.

  • Әншейін… Көңілім бұзылып…

  • Бала болдың ба? Өткен іске өкіне ме екен…

  • Ақтамақтың қылығы бетер еді…- деп солқылдап келіп жылады.

9. Азаматтық тұлғасы
(мәрттігі)



Ол “барды баламайды, жоқты санамайды”, өзінің бірдемесін сұрасаң, бере салады, кісінің нәрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді. Ұят екен- ау демейді. Ол кісі алдауды, арын сатуды білмейді. Кім көрінгенге сенеді. Өзін әркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды.

Балалар, өздерің байқағандай , әңгіме барысында ұлттық салт-дәстүрге мән берілген. Атап айтсақ қандай салт-дәстүрге назар аударылған? (Үлкенді сыйлау, айт, күрес ойын, құдалық, Наурыз тойындағы ән құдіретіне ерекше мән берілген.)
--Ия, балалар, өнер—мәңгілік. Осыдан бір ғасырға жуық бұрын Әміре репертуарында қандай әндер болған?
“Балқадиша”, “Қанапия”, “Жалғыз арша”, “Дудар-ай”, “Екі жирен”.
Бұл әндерді кімдердің орындауында естіп жүрсіңдер?
ІV Көркемдегіш тәсілдерді табу.
Эпитет: ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер.
Теңеу: үйректей, қаздай қалқып, тұлпардай, шеріктей, ұшатын құстай.
Метафора: бұлбұлмын, тұлпармын.
Ү Сабақты бекіту. Тест сұрақтары:
1. Жүсіпбек Аймауытов Семейде оқыған кезінде:
А)күреспен шұғылданған В) зерттеу жұмыстарымен айналысқан С) ән, күй шығарған Д) домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойып, өзі басты рөлдерде ойнаған.
2. Жүсіпбектің поэмасын ата
А) “Әнші” В) “Күнікейдің жазығы” С) “Нұр күйі” Д) “Ақбілек”
3. “Жетішатыр” қаласының екінші аты
А) Семей В) Павлодар С) Өскемен Д) Қызылжар
4. “Бір шерік қымыз” деген қанша?
А) бір бөтелке В) бір шелек С) бір кесе Д) бір тегене
5. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды?
А) жерге В) орындыққа С) керуетке Д) сандыққа
6. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір ….
А) көлеңке В) сағым С) елес Д) тұман
7. Әмірқанды: “Ербең құлақ, едірек, талтиған тәпек асық” деп кім суреттер еді?
А) Жүсіпбек В) Бек С) Нармамбет Д) Дәулетжан
8. Наурыз сауығын “басқарушы” кім?
А) Әбіжан В) Жәлел С) Рахымбек Д) Жүсіпбек
9. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды?
А) сыбызғының үніндей В) айдынның сұлу қуындай
С) тас бұлақтың суындай Д) Арқаның қоңыр желіндей
10. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не?
А) қызыл қоңыр домбыра В) үлкен ақ сырнай
С) саз сыбызғы Д) үкілі сары домбыра
11. Әйелін қалай таныстырады?
А) жампоз В) тұлпар С) сұлу Д) бастық
12. “Қорлан” әнін шығарушы кім?
А) Жаяу Мұса В) Балуан Шолақ С) Естай Д) Мәди
13. Үшеуі қай жерге құс атуға барады?
А) Кенжекөл В) Керуенкөл С) Құркөл Д) Алакөл
14. Ұрылар үшін ән салғанда арасында кімнің әні болған жоқ?
А) Иманжүсіп В) Балуан Шолақ С) Исақ- Ермек Д) Жаяу Мұса
15. Ақтамақпен жақындасуына қандай ойын себеп болды?
А) орамал тастау В) ақсүйек С) алтыбақан Д) сақина салу
VІ Үйге тапсырма: 1. “Ақтамақ хикаясын” аяқтау;
2. “Ән– өмірдің айнасы” шағын шығарма жазу.
ҮІІ Қорытынды: “Адам боп келіп өмірге, адам боп өту—көп қиын” екендігін біз білеміз, керемет дарын иесі болған Әміре Қашаубаев өмірде адами қасиеттерін жоғалтпаған. “Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық” деп өнерге ғана бас иіп өткен біртуар дарын иесінің бойындағы жақсы мінез-құлықты өз бойларыңа үлгі етіп ала біліңдер. Өнерді бағалай білейік!
ҮІІІ Бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет