Ұлттық валюта- теңге күні Мақсаты



Дата14.12.2021
өлшемі36 Kb.
#126536
Байланысты:
1.2-тапсырмасы, 12.05.21 7 сынып алгебра, Документ Microsoft Word, 9 (1), био 5 саныраукулактардын жасуша , 8 БЖБ1 4 ток, Doc1, Документ 2 тоқсан геом 10 сынып

Ұлттық валюта- теңге күні

Мақсаты: 

  • Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

  • ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

  • оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

  • оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: ақшаның түрлері, слайд, бейнеролик

Барысы.

Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі сынып сағатын жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.



Топқа бөлу: І топ- теңге

ІІ топ –евро

ІІІ топ- доллар

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?



Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?

ІІ топ: Ақша не үшін қажет?

ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады

Қазақстан валютасының пайда болу тарихы

Елбасы Н.Ә. Назарбаев.1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.



Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.

1 теңгеде – Әл Фараби

3 теңгеде – Сүйінбай

5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан

20 теңгеде – Абай

50 теңгеде – Әбілхайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан



Жеке жұмыс: дидактикалық-танымдық тапсырмалар

Сабақты пысықтау: Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп көрейік.

-Ақша деген не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)

-Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)

-Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

-Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

-Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)

-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)

-Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық фабрикада)

Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.


2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.

Түйін сөз: Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:

- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет