Топ: Қаржы-231 Орындаған: Бердібек Қуаныш. Тексерген: Кенесариева А. А.
Алматы 2020жыл
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде.
1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынған.
Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.
Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.
Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.