Остеоблаттар- Д=20-40мкм, шеміршек қабығында орналасқан остеогенді жасушалардан түзілетін ірі, жас жасушалар.Остеобласттар ЖАЗ-дің остеид деп аталатын органикалық құрамдасын түзеді.Осыған орай,олар енді қалыптасып келе жатқан сүйектің бетінде орналасады.
Остеобласттар бұдан бөлек-остеидтің минералдануын ж/е де сүйектегі Ca мен Р көлемін реттеп отырады.
Остеоблаттар екіге бөлінеді:белсенді ж/е белсенді емес остеобласттар Белсенді остеобласттар-куб пішінді,ядросы ашық түсті,ядрошығы ірі дөңгелек пішінді болады.Цитоплазмасында жақсы дамыған синтездеуші органоидтар-түйіршіктіЭПТ,Гольджи жиынтығы көптеген митохондриялардың секреторлық көбікшелері болады.Мұндай болуы оның активті белсенділігін ж/е синтездеуші рөлін айқындар тұр.Белсенді остеобласттарда матрикстік көбікше түзу арқылы,остеидтың минералдануына қатысады.Осылайша белсенді остеобласттар-остеоциттерге айналады.
Белсенді емес остеобласттар-белсенді остеобласттардың синтездік қабілеті төмендеуімен сипатталады ж/е сүйек қабын сыртынан қаптап тұрады.Сыртқы пішіні-ұршық тәрізді,тегіс болып келеді.Цитоплазмасында органеллалары аз.
Остеоцитттер-сүйек тінінің соңғы дифференциялық,белсенділігі баяу ж/е пісіп жетілген түрі.Пішіні-остеобласттарға қарағанда кіші,өзіндік жалпайып,ұзарған өсіндіге ие түрі.Ядросы тығыз,күңгірт.Нәзік базофильді ядросында синтездік органелллары аз.Осындай белгілері оның сүйек матриксін н/е ЖАЗ өндіруге қабілеті төмен екенін көрсетеді.Остеоциттердің қызметі:
Сүйек тінінің минералданған ЖАЗ-құрылымдық біртұтастығын сүйемелдейтін заттарды секрециялау;
Ca мен Р алмасуын реттеу ж/е организмдегі тұрақтылығын сақтауға қатысу;
Сүйек тінінің қоректенуін қамтамасыз ету;
Остеоциттер-сүйек тіні қуысын қайталайтын лакунада орналасқан.Бұл лакуналар бір-бірімен тіндік сұйықтықпен шайылатын сүйек-лакуналық өзекшелер арқылы байланысқан.Осы өзекше барлық сүйек жасушаларының трофикасын қамтамасыз етеді.
Остеокласттар-Д=50-100мкм,пішіні күмбез тәрізді н/е өзгермелі жасушалар.Олар қанның дің жасушаларынан дамитын,моноциттердің қосылуы нәтижесінде дамиды.Бұлай аталуы-оның сүйек жасушаларында минералданған сүйек тінін бұзу қасиетіне байланысты.Осыған байланысты остеокласттар-сүйек тінінің маманданған макрофагтары менсононуклеарлыфагоцитарлы жүйесі болып табылады.