13 Апта: Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел. Дәрістің жоспары



бет2/92
Дата22.04.2022
өлшемі95,99 Kb.
#140488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
13 апта лек. ҚАЗАҚСТАН - ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ.

1. Қуатты да табысты мемлекет
Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.
Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.
Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет