Байланысты: 13 апта лек. ҚАЗАҚСТАН - ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ.
Бесінші сын-қатер– жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.
2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.
Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.
Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады.