Қазақстан барлық мүдделі серіктестермен және біздің көршілерімізбен бірге Ауғанстан мәселесін тезірек саяси реттеуге және қайта қалпына келтіруге қол жеткізетін болады.
Қазақстан ИЫҰ-ның белсенді қатысушысы бола отырып, Таяу Шығысты реттеу процесінің бейбіт сипатына шын жүректен мүдделілік танытады. Араб-ислам әлеміндегі халықтық толқудан босаған күш-қуаттың жасампаздық арнаға бағытталып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қызмет етуі маңызды.
Біз озық қарқынмен Азия-Тынық мұхиты аймағының елдерімен экономикалық тұрғыдан жақындасуға тиіспіз. Бұл бізге тек экономикалық дивиденд беріп қана қоймайды, сыртқы саясатымыздың теңгерімділігін де нығайта түседі.