13 апта «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы



Дата10.05.2020
өлшемі19,59 Kb.
#66859
түріБағдарламасы
Байланысты:
Асхат



.

13 апта

«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.


  1. Елбасының «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасының қабылдануы, мәні.

  2. Қазақтардың ұлттық тарихы және оны айшықтау, оның зерттелуі. Тарихи патриотизм.

  3. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтілуінің маңызы.

  4. Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандығының мемлекеттік қызметінің зерттелуі.






Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген тұжырым жасады. Міне, осыған орай, Президенттің тапсырмасымен ұлттық тарихы-мызға қамқорлығы арқасында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жасалынды. 2013 жылдың 5-маусымында Елордамызда Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұ-мыс тобының кеңейтілген мəжілісі дəлірек айтсақ, жалпыұлттық кеңесі өткізіліп, отандық тарих ғылымы, дүние жүзі тарихы, соның ішінде Қазақстан тарихы туралы зерделі мəселелер көтеріліп, дəйекті сын айтылды. Сол кезеңдегі Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған Марат Тажин өз баяндамасында «Біз өзіміздің қазіргі тарихымызды басты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігі неде еді? Қалыптасқан мемлекет дегеніміз не? Нақты Тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай? Қандай қауіп-қатерлерден өттік? Қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құралды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру – тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - деп атап өткен еді.

Əрбір мемлекет алдымен өзінің ұлттық мүддесін қорғайды десек, тарих ғылымының міндеті де - тəуелсіздікті баянды ету. Қазақстан тарихы - əлем тарихының құрамдас бір бөлігі десек, ұлттың тарихын дүниежүзілік тарихпен сабақтастық-та жазуға бағыт алуымыз кезек күттіртпейтін мəселе. Бұл бағдарламаның да негізі - Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы методологиясы мен əдістеме арқауында сапалы жаңаруды жүзеге асыруына жағдай жасауды; ұлттық тарихымыздың көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама Қазақстанның тарих ғылымына сапалық жаңару əкелетіні сөзсіз.

Елбасы тапсырмасына сай қабылдануға тиіс «Халық - тарих толқынында» атты бағдарламаның ең басты мақсаты – Қазақстанның тарих ғылымының сапалық секіріс жасап, жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасау мәселесі сияқты мақсаттарға жету көзделіп отыр.

Тарих ғылымында сапалық секіріс жасау үшін, біріншіден, Қазақстанның тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасу тарихына, оның бүгінгі реальды жағдайына жан-жақты ғылыми талдау жасалынып, оның келешек даму бағыты мен мақсаты айқындалуы қажет. Екіншіден, «...сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау» үшін, мемлекеттік деңгейде батыл да, шешімді шаралар қабылдануы тиіс.

Тарих ғылымын да, кәсіби тарихшы мамандар даярлау ісін де реформаландыру арқылы түбегейлі қайта құратын уақыт жетті. Мемлекеттік хатшының сөзімен айтсақ: «Кең байтақ жеріміздің иесі де, киесі... мемлекет құрушы ұлт» қазақтың ұлттық тарихы әлі күнге дейін жүйелі түрде зерделенген де жоқ, жазылған да жоқ. Міне, осы жағдайға жан-жақты талдау жасап, ұлттық тарихты ғылыми негізде қалай жазу керектігімен айтылды. Сондықтан да Мемлекеттік хатшы ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі отырыста қазіргі тарих ғылымына талдау жасады және оның келешек даму бағытын айқындады.

Тарих ғылымын реформаландыру ісі мемлекет тарапынан аса күрделі проблемаларды шешуді талап етсе, тарихшылардан тарих ғылымының теориялық-методологиялық негіздері мен тарихи деректерді, бірінші кезекте төл деректерімізді, ғылыми мақсатта пайдалана білуге мүмкіндік беретін деректану сияқты аса күрделі ғылыми таным методын меңгеруді талап етеді.

Ұлттың объективті тарихын жазу ісі, сол ұлттың төл деректерін іздестіру, табу, жинау, жүйелеу және жариялаудан басталды. Тарихтың шикізаты ретінде мол көлемде жиналған деректерді тарих жазуға пайдалана білу, оларды «өңдеуден», яғни деректанулық талдаудан өткізу арқылы ғана мүмкін екендігіне терең түсінушілік тудырды. Тәуелсіздік арқасында ұлттық сананың оянып, ұлттың өз тілін, өз тарихын іздей бастағандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылысы, яғни шынайы тарихқа деген ұлттық сұраныстың пайда болуы тарихи деректерді іздестіру, табу, жинау, жүйелеу және жариялау қажеттілігін тудырды.

  1. Еліміздің өткені, яғни Қазақстанның тарихы – барлық қазақстандықтардың тарихы. Олардың ата-тегі мен келер ұрпақтарының тарихы. Сондықтан тарихты тану ісі жалпыхалықтық сипатқа ие болуы керек. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих - ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі.

Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттеліп келеді. Кеңестік кезең жылдарындағы саясаттың негізінде бұрмаланып жазылуға тиіс болған келеңсіз тарихи тұстары қайта қарастырылып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методологияның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақ саналатын беттері қайта ғылыми негізде қарастырылып отыр.

Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жасаған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігіне де ие болып отыр. Осындай мүмкіндіктер тек қана азат ел жағдайында жүзеге асып келеді.

Қазіргі киелі тəуелсіздігіміздің арқасында бұрынғы бұрмаланып жазылған тарих нақтыланып, жаңаша деректермен толықтырылуы бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда өте маңызды. Тарихтану процесінде ғылыми ұстанымдар мен көзқарастарды қайта қарау мен өркениеттілік пен жүйелілік тұрғысынан зерттеу мəселесі кəсіби тарихшылар арасында кеңінен талқылануда. Осыған орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 жылы «Қоғамдық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп аталынды. Бұл жылдар аралығында да ұлттық тарихымызды түгендеуге зор мән берілді. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді.

2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз бұрын-соңды болып көрмеген «Мəдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында жақын және алыс шетелдерге ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы мен этнографиясына қатысты коптеген деректер табылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамашылдығы мен Ел тарихын зерделеуге арналған жоғары деңгейдегі бас қосу жиыны тек тарихшылар үшін ғана емес мемлекет, бүкіл қазақстандықтар, əсіресе кемел ұрпақ үшін көкейкесті басқосу деп есептейміз. Себебі, ертеңін ойлаған мемлекет қана өз тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, оған барынша мəн беріп, болашағын бағамдайтынын əлем елдерінің тəжірибесі дəлелдеп отыр. Қай заманды алсаңыз да, тарих - халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған.

Тəуелсіздік жылдарында Елбасының тікелей араласуымен «Қазақ-стан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру» тұжырымдамасы, қабылданып жүзеге асқанын баршаға мәлім. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында тарих мəселесін қайта жаңғыртып, «…Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға со-зылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табады», - деп қадап айтты.

Тарих - шын мəнінде ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеудің негізгі қайнар көзі. Елбасы тарих туралы тағы бір сөзінде „Өркениетті ал-ға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дəл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, əділдікке тəрбиелей алмайды“, - деп түйіндеген. Мемлекет тарапынан жасалған зор мүмкіншілікті пайдалана отырып, қазақтың шын тарихын жазу, оны саясаттандырмау бағыты күн тəртібіне қойылып отыр.

Ойымызды қорыта келе, бірлескен күшпен ғана біз жалпы ұлттық тарихи сана мен рухани мәдениетімізді қалыптастыру мақсатына ғана жете аламыз. Алайда, тарих ғылымын одан əрі дамыту жəне оны реформалаудағы басымдықтары тарихшы-ғалымдардың жауапкершілігіне тиесілі екендігі даусыз.

  1. Бабалар мұратын жалғастырып, ел аманатын арқалап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетінімізді жариялады. Бұл – ұлттық таным-тарихымызды терең зерделеп, құнды жәдігерлерімізді ел жадында қайта жаңғырту.

Мемлекет басшысы: «Ұлттық идеяны қалыптастыру біздің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идеяның формуласы ұлттық тарихта жатыр», – деген еді. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекеттілігінің тарихында Қазақ хандығы аса қуатты мемлекеттік құрылымның бірі ретінде маңызды роль атқарған. 

Қазақ хандығының құрылған уақытын мемлекеттік деңгейде жыл сайын атап өтіп, оның тарихын халықтың арасында жан-жақты насихаттау идеологиялық бағытта ұлттық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына тікелей септігін тигізіп қана қоймай, қазақстандықтардың бойындағы мемлекеттік ой-сананы бекітіп, егемендігіміздің қуатты тұғырын арттыра түсетіні анық. Осылайша Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Мемлекет басшысы өткен жылы Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасатынын, одан кейін Алтын Орда орнығып, әрі қарай хандық дәуірге ұласатынын және біртіндеп бүгінгі Тәуелсіздікке келіп тірелетінін» атап өтті.



Қазақ хандығының құрылуын мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте ортағасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттерінің тарихымен тікелей байланысты. Бұл мемлекеттердің атаулары әр түрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Осы мемлекеттердің атауын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атаумен атала бастайды. Бұл дегеніміз – Қазақ хандығын бір тайпаға емес, көптеген туыс тайпалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған жаңа этноқауымдастық немесе жаңа этнос атауына қатысты екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақ хандығының құрылуы саяси жағынан алғанда ХІV-ХV ғасырларда қазақ даласы мен оған көршілес аумақтарда өмір сүрген Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан және Мауереннахрдағы Темір әулеті билеген мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастардың дамуының заңды қорытындысы болып табылады. Қазақ хандығы құрылуының маңызы осындай этникалық саяси және мемлекеттік дамулармен тығыз байланыста ерекшеленеді.

  1. Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ғылыми жағынан маңызды, өзекті мәселелердің бірі болса да, тәуелсіздік алғанға дейін кеңестік биліктен қаймыққан отандық тарихшылар тарапынан жете көңіл бөлінбеді. Тек Қазақ елі егемендік алғаннан соң ғана зерттеушілер басқа да мәселелермен бірге Қазақ хандығының құрылуы тарихына қызығушылықтар таныта бастады. Нәтижесінде Қазақ хандығының тарихы жас мемлекетіміздің идеологиясын қалауда ең басты рөл атқаруда негізі жасала бастады. Оған бірнеше себептер бар еді: 1) 1991 жылы өзінің саяси дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасы мен ХV ғасырдың ортасында өз туын тіккен Қазақ хандығы арасындағы тарихи сабақтастық, жалғастық, үндестік және идеологиялық өлшемдердің болғандығын сезіну, соларды дәлелдеуге бағытталған талпыныстар; 2) Қазақ хандығының тарихы арқылы Қазақ халқының шығу тегін білуге деген қызығушылықтар; 3) Қазақ халқының ХV-ХVІІІ ғасырлар және ХХ ғасырдың соңындағы мемлекеттілігі атауларының негізінде «Қазақ» сөзі тұрғандықтан, екі тарихи кезеңдегі мемлекеттіліктің арасынан байланысты іздестіру; 4) Қазақ хандығының тарихы негізінде қоғамды мемлекетшілдік идеяға жұмылдыру, жас буынды өз мемлекетін сүюге, патриотизмге тәрбиелеуге шыңдау;

Жалпы алғанда Қазақ хандығының тарихын қоғамға паш ету ғылыми жағынан ғана емес, бүгінгі күннің идеологиялық талаптарынан туындап жатқан құбылысқа айналуы тиіс. Яғни, ХV-ХІХ ғасырлар арасын қамтыған Қазақ хандығы Қазақстан тарихында ерекше орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктері қазіргі біздің қоғаммен тікелей ұштасып жатыр. Сонымен қатар, сол кезде өмір сүрген хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздардың жүріп өткен іздері және ерлік пен елдікті дәріптеген небір айтулы тарихи қызметтері қазіргі таңдағы жас ұрпақ үшін өшпейтін үлгіге айналып отыр. 

Тіпті ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де – қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. «Отар елдің тарихын, отарлаушы елдің өкілі жазады» деген қағидаға сай кеңестік авторлар қазақ тарихын жазуды өз қолдарына алып, қазақ халқының ұрпақтарына өз мемлекеттілігінің болмағанын дәлелдеумен өтті және евроцентристік көзқарастар тұрғысынан қарастырған олар қазақ қоғамындағы хандықты мемлекет емес, ру-тайпалық ұйым ретінде түсіндірді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты идеялар бірте-бірте қалыптаса бастайды. Тіпті өткен ғасырдың 90 - шы жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында «Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды, өйткені тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат» деген пиғылдағы ойлардың белең алғаны бәрімізге белгілі. Мұндай пікірлер әлі де өшпей жатқаны шындық. Сондықтан осындай теріс пиғылдағы көзқарастарға тек тарихшылар тарапынан жүргізілген ғылыми негіздегі объективті зерттеулер ғана тосқауыл бола алады. 



Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет