Тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі32,57 Kb.
#20754
Тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қаңлылар елінде жан – жақты дамыған егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қала мәдениеті, көп салалы қолөнерлер, сауда қатынастары болғандығын ашып көрсету.
Дамытушылық: сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізе отырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің ащы тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой толғау, баяндау, миға шабуыл, ізденіс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабаққа керекті құрал - жабдықтарын дайындау.
4. Топқа бөлу.
1 – топ – «Алғырлар»
2 – топ – «Тапқырлар»
3 – топ – «Білгірлер»

II. Үй тапсырмасын сұрау. Ой толғау.
1. Қаңлылар туралы қай деректерде бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылардың мекендеген жерін атап, картадан көрсету.
3. Қаңлылар туралы көп деректер қай елдің деректерінде кездеседі?
4. Қаңлы елін кім биледі?
5. Қаңлы елі неше бөлікке бөлінеді.
6. Көкмардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет берді?

III. Жаңа сабақ жоспары: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Мағынаны тану.
1. Қаңлылардың шаруашылығы.
2. Металл өндірісі
3. Сауда қатынастары.
4. Мәдениеті және діни нанымдары
а. Қаңлылардың егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы ерекшеліктерін баяндау;
ә. Металл өндіру тәсілдерін баяндау.
б. Қаңлылардың шет елдермен сауда байланысы болғандығы туралы баяндау;
в. Қаңлылардағы мәдениет жақсы дамыған түрлерін баяндау.

IV. Топпен жұмыс.
І топпен жұмыс. Оқушылары тақырыпты қарап сызба құрады.
1. Егіншілік
Қазақстанның оңтүстігінде Егін, Қолөнер, Мал, Аңшылық Сауда – саттық кәсіптері дамыды

Арал, Ташкент – отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасты.
Сырдария аңғарларында – дәнді бау – бақша дақылдары өсірілді.
Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.

Егін алқаптарын суару үшін

Зах арығы – оң жағалауы
Хан арығы – сол жағалауы

Егіншілік түрі басым болған. Астық, Қыш көзелер, Ыдыстар сақталынды

ІІ топпен жұмыс:
Мал шаруашылығы мен кәсібі.
Мал шаруашылығында – жылқы, қой, ешкі, сиыр өсірді. Малдарын жаздық жайылымға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан болған.
Қазба жұмыстары кезінде археологтар қаңлылар қоныстарынан елік, тауешкі, арқар, киік сияқты жабайы аңдардың сүйектері жиі кездескен.
Қосымша аң аулау кәсібімен айналысты. Сонымен қатар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен шұғылданған. Әйелдер арасында жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.

ІІІ топпен жұмыс:
Металл өндірісі

Темір ұсталығы
● Қола құю зергерлігі

Металл өндірісінің орталығы Шаш – Илақ қалалар мен қоныстар болды. Металл өндірудің ірі орталығы ежелгі Құлата қаласы. Бұл орталық 50 га жерді алып жатыр.
Кенді балқыту, байыту үшін дөңгелек және төртбұрышты пештер пайдаланған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет