13. Бүгінгі заманғы қазақ отбасындағы маңызды тәрбиелік мәселелер Жеке тұлғаны әлеуметтендiрудегі отбасы мен мектептiң iс-әрекеттерiн кiрiктiру


Сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері. (ата-аналар жиналысының хаттамасы)



бет2/4
Дата16.12.2023
өлшемі33,84 Kb.
#197307
1   2   3   4
Байланысты:
13,14.15 тарбие

14. Сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері. (ата-аналар жиналысының хаттамасы)

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.


Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады.

  • Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді.

  • Ата-аналар комитеті

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және "қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады.

  • Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конферснңиясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, енбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланы жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.


  • Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарыныңғ осындай басты мәселерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.

Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатысады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: "Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі". Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конферепцияларда ата-аналардың "Үйіне берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем", "Біздің отбасындағы ецбек тәрбиесі", "Отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек'" сияқты баяндамалары тындалады.
Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып, кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жүмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуте болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текстісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.

  • Ата-аналар лекторийлері.

Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады. Облыстық мұғалімдер білімің жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы. мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:
1. Қоғамдық және жанұялық тәрбие, олардың бірлігі.
2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялык өмірге дайындау.
Университеттер. Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиеиасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан лекциялар тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады. Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының" аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Уннверситетті бітіргендерге куәлік беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет