13-билет Жылулық сәулелену және оның сипаттамалары



бет2/4
Дата22.12.2023
өлшемі82,38 Kb.
#198704
1   2   3   4
Байланысты:
13,14-билет оптика

2. Кирхгоф заңы.
Крихгоф заңы:
Сәуле шығарғыштық қабілетінің сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы барлық денелердің жиілік пен темпераутара функциясы үшін универсал заң болып табылады, яғни
(3)
- функциясы Кирхгоф функциясы деп аталады, ол заттардың табиғатына байланысты емес, тек қана температура мен жиілікке байланысты. Кирхгоф бұл заңды термодинамиканың екінші заңына сүйене отырып тағайындады, ол бойынша оңашаланған жүйеде орнаған жылулық тепе-теңдік жүйенің жеке бөліктері арасындағы өзара қарапайым жылу алмасумен бұзылмайды. Крихгоф заңын қорытып шығару үшін абсолют қара денені аламыз. болса, онда

Яғни . Сонымен Кирхгоф функциясы дегеніміз абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетіне тең. Ендеше Крисхгоф заңын мына түрде жазуға болады:

Яғни барлық денелер үшін сәуле шығарғыштық қабілетінің сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы абсолют қара дененің сол температура мен жиіліктегі сәуле шығарғыштық қабілетіне тең болады. - универсал шама.


14-билет
Фотоэлектрлік эффект түрлері. Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары.
Сыртқы фотоэффект құбылысы дегеніміз метал бетіне жарық түсіргенде одан электрондардың ыршып шығуы. Бұл құбылысты толық зерттеген А.Г. Столетов, ал фотоэффект құбылысын толық түсіндіруші А. Эйнштейн.
А. Эйнштейн Планктің жарықтың үзік-үзік шығарылуы туралы идеясын әрі қарай дамытып, жарық шығарудың әрбір порциясының (үлесінің) энергиясының мынаған тең екендігін көрсетті:

мұндағы - Планк тұрақтысы, - электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы, - жарық жиілігі, -электромагниттік толқын ұзындығы.
А.Эйнштейн жарық жеке-жеке порциялармен жұтылады деп тұжырымдады. Жарық кванттарының ағынын – фотондар деп атады. Фотон тыныштықта өмір сүре алмайды, ендеше оның тыныштық массасы болмайды.
Жарықтың толқындық қасиетін көрсететін құбылыстар - интерференция, дифракция, поляризация, дисперсия болса, ал оның корпускулалық табиғатын көрсететін құбылыстар – фотоэффект, Комптон –эффект.
Фотоэлектрлік эффект немесе фотоэффект деп белгілі бір толқын ұзындықтағы түсірілген жарықтың әсерінен металдардың электрондарды шығару құбылысын айтады. Металдардағы эффект сыртқы фотоэффект деп аталады, өйткені бұл жағдайда электрондар металдардан сыртқы қоршаған ортаға, яғни вакуумға шығады
Сыртқы фотоэффект құбылысын 1888 жылы А.Г.Столетов ашылған болатын. Металдардан ұшып шығатын электрондардың жылдамдығы түскен жарықтың қарқындылығына емес, оның жиілігін тәуелді. Фотоэффектің бұл заңдылығы жарықтың толқындық теориясы тұрғысынан айқындалмаған болып шықты. Жарықтың қарқындылығы үлкен болған сайын (жарықтың толқындық энергиясы) ұшы шығатын электрондардың жылдамдығы да үлкен болуы керек еді.
Сыртқы фотоэффектінің үш заңы бар:
І заңы: Бірлік уақытта катодтан ұшып шығатын фотоэлектрондардың саны түскен жарықтың қарқындылығына байланысты (қанығу тоғының шамасы катодтың энергетикалық жарықтануына тура пропорционал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет