Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:
- балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.
Кешенді жоспарды іске асыруда:
Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:
- салауатты өмір салтына ынталандыру;
- сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
- білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
- ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);
- білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
- аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.
ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ АЙЫ
1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары
5 қыркүйек- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар
Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ (ОТАН)
Достарыңызбен бөлісу: |