13 лабораториялық жұмыс Тапсырма №1



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,89 Kb.
#92701
  1   2   3
Байланысты:
Лаб 13 Орынбекова


13 лабораториялық жұмыс
Тапсырма №1
Халықтың көші-қон үрдістерін реттеудің қажеттілігі және міндеттілігі. Қазіргі заманғы көші-қон үрдістерін басқарудың тұжырымдамалық тәсілдері, әдістері, тетіктері мен механизмдері.
Тапсырма №2
. Көші-қон үрдістерін реттеу мен басқару саласында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар. Көші-қон ағындарын басқару бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстары.
Тапсырма №3.
Таңдау бойынша екі ел мысалында көші-қон саясатын салыстырмалы талдау. Ашық және жабық шекара саясаты.
Тапсырма №1
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:
қайтып оралмайтын көші-қон;
тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.


Тапсырма №2
18 желтоқсанда Астанада Халықаралық магрант күніне арналған «Дөңгелек үстел» өтті. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы адам құқығы және магранттардың негізгі бостандықтары тақырыбына талқылау өткізуді бастамалады. Оған кәсіби қоғамдастық өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ уәкілдігінің басшысы және Қазақстан Республикасындағы бірқатар елдер елшілері қатысты. Олар халықаралық көші-қон және процеске қатысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық даму келешегі мәселелерін көтерді. Халықаралық көші-қон ұйымы мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардағы өз серіктестеріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, құрмет мадақтамаларымен марапаттады. ХКҰ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ерекше үлесін атап өтті – ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев, Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов және Комитет Хатшылығының сарапшысы Дмитрий Савеленко мадақтамаларға ие болды. ҰКП өкілдерінің көші-қон саясатының жетілдірілуі төңірегіндегі жаңа ұстанымдарды қамтитын халықтың көші-қон мәселелеріне қатысты заң жобасының Тұжырымдамасы бойынша жұмыс тобына кіретінін атап өту керек. Құжатта төрт бағыт көзделген: өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдік жұмыс күшінің келу тәртібін өзгерту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін өзгерту; корпорацияішілік ауысуды жүеге асыру тәртібін жетілдіру; шетелдік дарынды жастар үшін Үкімет гранттарын енгізу. Тұжырымдаманы әзірлеуде Ұлттық палата ұсыныстары ескерілді. Қазірде ҰКП бизнес-қоғамдастық ұстанымдарын алға тартуды жалғастыруда. Ұлттық палата алаңында кәсіпкерлердің заң жобасы әзірлеушілерімен, сонымен бірге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықовпен кездесуі өтті. Сонымен қатар ҰКП ХКҰ-мен бірге Қырғызстан және Тәжікстан еңбек мигранттарын жинау, оқыту және ұйымдастырушылық тарту бойынша бағдарламаны әзірлеуде. Бағдарлама мәні көптеген мәселелрмен бірге Қазақстандағы нақты жұмыс берушіге (оның талаптарына сәйкес) еңбек мигрантын мақсатты түрде тарту болып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық палата көші-қон мәселелері бойынша кешенді жоспарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет