13-тақырып. Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы
Лекция жоспары:
Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері. Психологиялық
конфликтілердің түрлері. Конфликтінің
конструктивті
және
деструктивті
функциялары. Конфликтінің даму сатылары. Конфликтінің қатысушылары мен
жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-
уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен
зардаптары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Студенттерге әлеуметтік психологиялық
конфликт түсінігі және құрылымы жайлы түсінік беру.
Лекция мазмұны:
Конфликт
– (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы,
қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен
байланысты әр түрлі мәселерге бойынша ӛзара түсіністіктің болмауы.
Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-
қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі
ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді.
Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ
тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті
және структивті болып дамуы мүмкін. Конфликті анықтамасының бір варианты оның
философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың
асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт
«қызығушылықтарының,
мақсаттарының,
даму
тенденцияларының
қарама-
қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі
әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік
институттардың қақтығыстарынан кӛрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың
асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты
фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт –
қоғамдағы адамдардың ӛзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың
клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды
субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және
нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден
келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы
жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік
конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті»)
немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын
элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-
қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес,
дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.«Психологиялық сӛздік»
конфликтіні «ӛткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-
қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер
сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің
зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің
мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады:
«қиындықпен шешілетін» немесе «ӛткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А.Я.Анцупов
және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті
субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін
ӛзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің ӛткір
жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше
негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар
конфликтінің алды болып саналады. Кез келген конфликті құндылықтардың, мақсаттар
мен
мотивтердің
қайшылықтарын
кӛрсетеді.
«Конфликтология»
ұғымымен
«конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.
Б.И.Хасанның айтуынша, мәдени-тарихи психологияның дәстүрінде конфликт маңызды
орын алғанмен де зертеу пәні болып табылмайды. Осы терминнің мәдени-тарихи
концепцияда пайдаланылуына байланысты үш негізді бӛлуге болады. Конфликт
диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және продуктивті
қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен
қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін кӛрсетеді. Конфликт
диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды
анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді
тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады. Конфликт үйрету - оқыту
ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні бала үшін оның ӛзінің
мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан формасы «қажеттіліктер
және мотивтер-нақты объект» байланысына сәйкестігін жоғалтқан кезде балаларда
конфликт пайда болады. Конфликт бір жағынан, жасқа байланысты қайшылықтар ретінде
(Л.С.Выготский) кӛрсетілсе, екіншіден- үйренудегі шынайы қайшылықтар ретінде
(Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин) кӛрінеді. Екі қайшылықтар да бала мінез-құлқының
табиғи және мәдени формаларының қосындысындағы қозғаушы күш ретінде
қарастырылады. Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмысшеберлігін меңгерген,
конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер. Конфликтология тек қана
ғылым ғана емес, ол сонымен қатар қақтығыс пен диалог жүргізу шеберлігінен тұратын
ӛнер. «Ӛнер» термині тұлғалық-шығармашылық фактордың маңыздылығы мен
конфликтология аймағындағы кешенді білімдер жүйесінің практикалық іске асуын
білдіреді. Себебі, тіпті идеалды білімнің ӛзі практикада конфликтілі ситуациялардың кері
салдарын жою технологиясын шеберлікпен қолданусыз іске аспайды. Жасӛспірімдердің
ӛзін субьект-лидер-тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған
белсенділік, ӛзара қарым-қатынас пен ӛзара қарама-қайшылықтың бірі мезетте тууынан
болатын құбылысты конфликт деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға
беруге болады. «Ер шекіспей, бекіспейді» дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты
жақсылыққа да ұласуы мүкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар
арасында туған конфликттіге педагогикалық тұрғыда кӛмек беріліп, теріс бағыт алып
кетуінен сақтандырған жӛн. «Басқа пәле- тілден».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас
жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа
ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес.Кейде «аңдамай сӛйлеп,
ауырмай ӛлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сӛз сӛйлеп, артынан ұятқа қалып
жататын жандар балағат сӛз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі.Әйтсе де
осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай
баулып, теріс ықпал етіп барады. Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте
сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған конфликтіде жаман сӛзбен бірін-
бірі сыбап, былапыт сӛздермен балағаттасуға дейін барады. Мысалы:Чукчалар мен
эскимостарда ұрысқанда айтылатын «сен- олақсың» деген сӛз, ең намысқа тиетін жаман
сӛз болып саналады.Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «жасыл тасбақа»
немесе «қоян» дейді.Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануарлар саналғандықтан,
оның
атын
мәртебе
кӛреді.Орыстар
жақтырмаған
әйелді
«сиыр»
деп қорлайды.Ал, мұсылман халқы үшін «шошқа» деген ӛте ауыр сӛз.Оның
есесіне, папустар шошқаны үй жануары деп қарағандықтан, қыз балаларына «Борома»
деген (қазақтың «Ақбота,Ботагӛз деген аттары сияқты) ат қояды екен.Бұл ӛз тілдерінде
шошқа деген сӛз.Қай тілде айтылсада балағат сӛздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен,
еріксіз жаман әрекетке итермелейді.Мұндай сӛздер қорланған адамның теріс сезімін
қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді.Балағат сӛз ұяттан аттап
кетеді.Сондықтан екі жақиан конфликт туып, дӛрекі сӛздер айтылады.Кейде ӛздерін
ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, ӛте
жаман
кӛріністерге
ұласады.Осыған
қарап
отырып,
бұлардың
әдеп
пен мәдениетің аулынан алыстап кеткенің кӛреміз.
Конфликтідегі мінез-құлықтың 12 ережесі:
1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін тӛмендетуге
кӛмектесу керек. Ӛйтпейінше, онымен келісу ӛте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы
сәтінде ӛзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ ӛзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты
берілсе, ойы теріс пікірлер мен сеззімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның ӛз-ӛзіне
келуі үшін әрекет ету керек.
2. Серігіңнен ӛзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға
байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір.
Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып
тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.
3. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра,
бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең
бастысы, сенің ӛтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай
болу керек.
4. Серігіңе қарсы баға берудің орнына ӛз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?»
дегеннің орнына «Мен ӛзімді алданғандай сезініп тұрмын».
5. Қиындық туғызған мәселе мен ӛзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра.
Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені
шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Ӛзіңді сезімге, ашуға билетпе.
6. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жӛніндегі ойын және одан шығудың жолдарын
айтқызып кӛр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан
шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында кӛңіліңдегі бірнеше
пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Ӛйткені жетістікке,
жеңіске бірге жетулерің керек.
7. Қандай жағдай болмасын серігіңе ӛз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Ӛзіңді еш уақытта
ӛз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына
тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың ӛзінде сені еш уақытта кешірмейді.
Сондықтан оның ӛзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
8. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны
айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?-деп жиі-жиі сұраңыз.» Бұл әдіс дұрыс
түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды кӛрсетеді.
9. Ӛзіңді тең ұста. Ӛзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап,
екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
10. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден,
саған кӛзқарасы ӛзгереді. Ӛзіне сенімді, ӛзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.
11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға
тырыс.
12. Серігіңе сыйластық сезіміңді кӛрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы
жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның
сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.
Конфликті түрлерін дәстүрлі түрде бӛлу конфликтіге түскен жақтардың ерекшеліктеріне
негізделуі мүмкін. Мысалы, ол К.Боулдингтің топтастыруындай болуы мүмкін, яғни жеке
тұлғалар арасындағы, тұлға мен топ арасындағы, тұлға мен ұйым арасындағы, топ пен
ұйым арасындағы, әр түрлі типтегі топтар мен ұйым арасындағы конфликтілер. С.Чейз 18
деңгейлі құрылымдық топтастыруды ұсынған, ол тұлғааралық және тұлғаішілік
конфликтілерден басталып, мемлекет, ұлт және т.б. арасындағы конфликтілерді қамтыған.
А.Г.Здравомыслов Н.Смелзердің еңбектеріне сүйене отырып, конфликтіге түскен
жақтардың келесідей қатарын келтіреді: 1. Индивидаралық конфликт. 2. Топаралық
конфликт. 3. Ассоциациялар (партиялар) арасындағы конфликт. 4. Институтішілік және
институтаралық конфликтілер. 5. Еңбекті қоғамдық бӛлу секторлары арасындағы
конфликтілер. 6. Мемлекеттік білім беру арасындағы конфликтілер. 7.Мәдениет пен
мәдениет типтері арасындағы конфликтілер.
Конфликтінің түрлері. Авторлар конфликтінің негізгі үш түрін анықтауды ұсынады:
тұлғаішілік, әлеуметтік және зооконфликтілер. Әлеуметтік конфликтілердің негізгі
түрлеріне: тұлғааралық конфликтілерді, кіші, орта және үлкен әлеуметтік топтар
арасындағы конфликтілерді, мемлекет арасындағы ұлтаралық конфликтілерді жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |