Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
Топтастыру.
|
Ширату тапсырмасы. «Карусель» жаттығуы
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ – ішкі, 2-ші топ – сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдар болып бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рөл беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы; мұғалім – оқушы; дәрігер – қаралушы; полиция – жүргізуші; әке – бала; анасы – қызы.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
(Ө) 1-тапсырма
«Нан қалай алынады?» алгоритміндегі қадамдар шатасқан. Алгоритмнің дұрыс ретін тап.
|
Дескриптор:
Берілген суреттегі нан алгоритмімен танысады.
Алгоритмдегі шатасқан қадамдарды табады.
Алгоритмнің дұрыс реттілігін құрастырады.
|
ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс - Жарайсың!
Сары түс - Жақсы!
Қызыл түс - Талпын!
|
|
|
(Ж). №2 тапсырма
Роботтың жылдамдығы = 40, 60 см алға жүріп тоқтайды. Қозғалысқа қажетті программа блоктарын таңда. Бір айналым = 20 см.
|
Дескриптор:
Берілген суреттегі командалық блоктармен танысады.
Қозғалысқа қажетті программа блоктарын дұрыс таңдайды.
|
|