(Т)1-тапсырма. «Үшіншісі артық» әдісі: оқушылар осы заттардың
арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды. Ойлау,шешім қабылдау, проблеманы шешу,бірлескен жұмыс, ақпаратты басқару дағдыларын қалыптастырады.
1)
2)
3)
4)
Кері байланыс. 1) Көбейткішті түбір таңбасының алдына қалай шығарады?
2) Көбейткішті түбір таңбасының ішіне қалай шығарады?
(Ж)2-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі: оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
Астана қаласындағы Бейбітшлік және келісім сарайындағы конференц-залдың едені шаршы тәріздес. Еденнің ауданы 288 м2. Конференц-залдың еденіне қанша метр жиектеме (плинтус) керек?
Кері байланыс. Ауданның формуласынан ұзындықты табуда көбейткішті түбір белгісінің алдына шығаруды қалай қолдандыңдар?
(Т) 3-тапсырма. «Сәйкестендіру» белсенді әдісі: Оқушылардың алған білімін қолдану, нақтылау және оқушылар белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Кинетикалық энергияның формуласынан жылдамдықтың формуласын қорытып, берілген мәндерді орнына қойып кестені толтырады.
E=48Дж
m=4 кг
м/с
E=75Дж
m=9 кг
м/с
E=72Дж
m=9 кг
м/с
Кері байланыс: Физика пәнінде квадрат түбірдің қасиеттерін қалай пайдаланасыңдар?