130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру



бет76/115
Дата08.06.2023
өлшемі5,68 Mb.
#178440
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115
Байланысты:
130 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ҚМЖ 1

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру
«Бата жөні өзіңдікі» – «батаны өзің бергенің жөн»
Шіл болма – бұл жерде: « кішкентай дәрменсіз құс сияқты
болма» деген мағынада.
(ЖЖ) «Пікіріңді айт» айдары бойынша берілген сұрақтарға
жауап беріп, өз пікірлерін оқулықта берілген мақалдармен
байланыстырады.
1. Мәтіннен жазушының отбасы мүшелеріне деген қандай
сезімдерін байқадың?
2. Жазушы сәбидің дүниеге келуіне байланысты ұлттық
дәстүрлердің қайсысын еске алған?
«Есіңе түсір» айдары
– Қазақ халқында батаның түрлері көп. Мысалы, ел мен жерге
берілетін бата, асқа берілетін бата, ақ бата, тағы басқа. Ақ бата –
ата-ана мен ақсақалдардың, ел ағаларының ұрпақтарына білдірген тілегі. Батаның түрлерін естеріне түсіреді. Қандай жағдайда
берілетініне қысқаша түсінік береді. Мұғалім тарапынан оқулықтағы ақпарат толықтырылып беріледі. Бата білетін оқушыларға бата бергізуге болады.
(Т) «Дәлелде» айдары бойынша Бауыржан отбасындағы қай
бала болғандығы туралы дәлел келтіру. Бұрынғы Бауыржанның
балалық шағы туралы оқыған әңгімелерін естеріне түсіреді.
а) Тұңғышы ә) Ортаншысы б) Кенжесі
Дескрипторы:
 «Бауыржан отбасындағы қай бала?» деген сұраққа қатысты
өз пікірін білдіреді.
 Пікірінің дұрыстығын дәлелдейді.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
«Бағала» айдары бойынша оқушылар төмендегі сұрақ төңірегінде өз ойларын білдіреді. Сол бөлікті дәптерге жазып
алуды оқушыларға тапсыру.
– Саған Бауыржанның бабасының берген ақ батасының қай сөзі
ұнады?
Оқушылар топта өздеріне ұнаған бата туралы өз пікірін
білдіреді. Топта толықтыруларына болады.
(ТЖ) Оқушылар өз ойларын эссе түрінде жазса болады. Барлық
оқушылар қамтылады.
Сұрақ: Өз отбасыңда қандай әдет-ғұрыптар бар?
*Үзіндіні 3-жақта (ол) өзгертіп оқиды. Оқушылар зат есімді 3
жақта тәуелдеу туралы қазақ тілінен алған білімдерін естеріне
түсіреді.
«Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы
жылдың қысында, ескіше желтоқсанның жиырма төртінде
туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған
соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы
жіберіпті...»

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Белсенді оқу тапсырмалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет