137. Кеңес Одағының ыдырауы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңның қабылдануы. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарады. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанында өмір сүруін тоқтатты.