134. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін дамыту саясаты Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін дамыту саясатының озық жобасы- тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламаны әзірлеуге жауапты орган ҚР-ның мәдениет және спорт министрлігі,ал іске асырушылар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Бағдарламаның басты мақсаты- қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып,датын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға,тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту
1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.
1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.
1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.
1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту
2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.
2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.
2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.
2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.
2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.