131. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты



бет1/11
Дата08.02.2022
өлшемі34,71 Kb.
#119638
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТАРИХ 1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


131. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
Қазіргі қазақ қоғамындағы көп талқыланып, шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік тіл қолданысының жай-күйі. Мемлекеттік тілдің ел басқару, заң шығару, білім беру мен ғылым саласындағы, ісқағаз жүргізу мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы қолданысы Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бері күн тәртібінен бір түспей келеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне сәйкес қолданысын қалыптастыру бағытында атқарылған істер, жүзеге асқан жобалар, тындырылған шаруалар да аз емес. Бүгінгі азды-көпті жетістіктеріміз соның нәтижесі. Сонымен қатар, басы бар, аяғы жоқ бастамалар мен шала-шарпы, жүйесіз жасалған жұмыстардың, ғылыми негізі әлсіз бағдарламалардың, елге, тілге, ұлт мүддесіне жаныашымастықтың, кәсіби біліктілігі төмен басшылар мен мамандардың кесірінен ұлт тілінің сөзбұйдаға салынып, әлі шешімін таппай келе жатқанмәселелері де жеткілікті.Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық белесіне көтерілгентұста өткенімізге шолу жасап,қазіргі тілдік ахуал мен қазақ тілінің болашағын пайымдау өте маңызды. Осы орайда біз де қазақ тілінің алаштық, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі ұлттық, мемлекеттіктіл ретінде дамып, қолданылуының жай-күйіне тоқтала отырып, оның ертеңі жайлы ойларымызды ортаға салсақ дейміз. Тіл саясатын жоспарлы түрде жүргізу, халықтың тілдік құқығын қорғау, қазақтың жазба әдеби тілін дамытып, БАҚ тілін, ғылым тілін, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру бізде негізінен ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлерінен бастау алады. Жалпы ұлттық дамуымыз бен мемлекеттің тіл саясатын жүргізудегіалаш қайраткерлерінің ұстанған жолы айрықша болды. Сондықтан бұл кезеңнің ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі іс-әрекетімізді бағамдап, болашаққа беталысымызды белгілеу үшін одан сабақ алудың мән-маңызы зор. Бұл тұрғыда алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мен Ахаң бастаған ұлт зиялыларымақсат-мұраттарының, саяси ұстанымдарының қазіргі уақытпен қабысуын, ғылыми-ағартушылық жолдағы атқарған істері мен қалдырған мұраларының ғылыми құндылығын анықтап, оларды іс-тәжірибеде және ұрпақ тәрбиесінде пайдаланған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет