Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №51 орта мектебі кмм



бет1/5
Дата31.05.2020
өлшемі297,73 Kb.
#71866
  1   2   3   4   5
Байланысты:
0 сынып ҰМЖ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

51 орта мектебі КММ



2019-2020 оқу жылының

перспективалық жоспары

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Сатинбекова Г.К.

Бекітемін

№51 орта мектебінің директоры Б.Ж.Сапаралиева

Келісемін

Мектепалды даярлық тобының әдіскері А. Ахаева

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Сатинбекова

Әдістемелік кеңес отырысында қаралды

Хаттама №1



Түсінік хат

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерде ағылшын тілін үйрену бір ізге қойылған мәселе болып тұр. Осыған орай ағылшын тілін бүлдіршіндерге үйрету ұсынылып отыр.

Ағылшын тілі – Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед нидерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алғанАнглосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа тілдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі – ББҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған тіл.

Заманауи талаптарға сай мектепке дейіңгі мекемеде жүргізілетін ағылшын тілін үйренуге арнайы құрылған жоспарда баланы ауызша үйрету арқылытілдік единицларды меңгеру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, болашағын бағдарлай алуға жағдай жасалған.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауындағы «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» - деген сөзін басшылыққа ала отырып баланы жан-жақты дамытуда баланың болашағының жарқын болуына елеулі үлес қосу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет