Эссе тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер»



Дата20.06.2018
өлшемі52,77 Kb.
#43980
Орындаған: Ахымбекова Ж.Б.

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің Өнер пәні мұғалімі
ЭССЕ

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер»

Өткен күннен алыс жоқ,

Келер күннен жақын жоқ

(халық мақалы)


Міне, таяуда ғана халқымыз тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтті. Ол күнге жету - оңай берілмеді, ол баршамызға аян. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы мен мұраттарының орындалуы.

Тәуелсіз мемлекет атану, бізге күш пен серпіліс берді. Өз ерік-жігерімізбен ілгерінді ұмтылуға, тәуелсіз мемлекет ретінде өркендеуге мұмкіндік берді.

Тәуелсіздігімізді алысымен, түрлі сауалдарға шешім табылды. Түрлі ауыртпашылықтардың негізі болып табылған Семей полигоны жабылуы, Арал теңізінің мәселесі шешілуі, тарихи мәдениетіміз бен мұрамыздың, мемлекеттік тіліміздің жаңғыруы, табиғи қазыналарымызды иеленуіміз.

Қазір келешегімізге нық сеніммен қарайтын, өркениетті, зайырлы, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет екенімізге көз жеткізіп отырмын.

Ішкі-сыртқы саясатпен қатар, экономикамыз, табиғи қорларымыз, өзге мемлекеттің иелігінде болатын. Қиын-қыстау заманда, халқымыздың намысы, санасы менен сезімі жібермей, жігерлі жастар өз мекенімізде лайықты күн кешуге, өз тіліміз бен мәдениетімізді құқығы үшін талпынды дейді.

Кеңес Одағы заманындағы тарихты оқып қарасам, айтып жеткізе алмайтын қиын өмірді елестетемін. Ол оқиғалар баршамызға мәлім.

Қазірде, еліміздің өзіне тән пікірі, мәртебесі мен үні бар. Біз - ғаламдық дәрежеде аяғымызды нық басып, өзге мемлекеттер бізбен санасатын елге айналдық. Осындай нәтижеге қол жеткізу үлкен іс-әрекеттерді, шараларды талап етеді, яки, ішкі мен сыртқы саясатты дұрыс жүргізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда гүлдеуін, дүниежүзілік бірлестікте өркениетті елдермен білікті қарым-қатынаста болу, әлбетте жалғыз адамның қолында емес. Алайда, ел атынан үлкен дәрежеде сөйлейтін, сөзін зейін салып тындайтын, елімізге бағыт-бағдар беретін, ерекше тұлға, мемлекетіміздің басшысы – Президентіміз болып табылады.

Тәуелсіздікті алғалы бері, еліміздің болашағын түсіну, ұғыну, мемлекеттің дамуын болжау, халқымыз үшін тиiмдi даму стратегиясын таңдауда қайсар, жан-жақты, жігерлі, саясатта көшбасшы, ой-өрісі кең, зияткер тұлға қажет еді. Осы қасиеттерге сай елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.

Елбасымыздың басты таңдаған стратегиялық бағыты- ашық нарықтық экономикаға көшу еді. Әлемнiң 50 бәсекеге қабiлеттi елдер арасындамыз. Бұл үлкен мақтаныш.

Осы күнге дейін, еліміз қаншама жетістіктерге жетіп, биік белестер мен асулардан өтті. Аса маңыздыларын “Қазақстан-2030” Стратегиясының орындалуында қорытындыланды.



2012 жылдың желтоқсанында, Елбасымыз “Қазақстан-2030” Стратегиясын қорытындылай келе, еліміздің жаңа саяси бағытын атады. Мақсатымыз- 2050 жылға мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Ол үшін “Қазақстан – 2050” Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады. Орта және шағын, бизнесті қолдауда 1997 жылы құрылған “Даму” Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры” АҚ сіңірген еңбегі зор. Қазіргі кезде, “Даму” Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру политикасын жүзеге асырып келе жатқан қаржылық агент болып есетеледі.

Ірі бизнесті қолдауда мемлекеттен үлкен көлемде қаржылай көмек бөлінуде. Басты мақсат - ұлттық экономиканы шикізат секторынан тәуелсіз етуі. Осылайша 2001 жылы “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ құрылды. Таяу арада Банктің құрылғанына 15 жыл толды. Соңғы мәліметтер бойынша, Банк инвестицияларының ықпалымен 78 инвестициялық жобалар іске қосылып, 20,4 000 жұмыс орындар ашылды. Жылда кәсіпорындардан мемлекеттік бюджетке 10 млрд. аса салық төлемдері түседі

Ендігі, бюрократия, жемқорлыққа қарсы күресті, пара алу секілді бөгеттермен жұмыстану- басты мәселе болуы керек. Осындай шараларды қолдана, президентіміз “мықты бизнес- мықты мемлекет” ережесін іске асыратынын өз жолдауында айтып өткен.

Білімді жаңартумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсарту нысанымен жаңа мамандар дайындау қажет. Қазірде жастар билікке ұмтылады. Бірі мұнайшы, бірі заңгер, бірі экономист болғысы келеді. Нарықтың кесірінен болған мұнай бағасының күрт түсуінен көптеген жұмысшыларымыз жұмыстан босатылды. Артында қол қусырып қарап отырған іні-қарындастары, жанұялары бар. Мұндай сценарий болмауы үшін жастардың игерілмеген салаларына құштарлығын ояту керек. Жастармен істі сауаттылық жағынан, мектептердің, жоғарғы оқу орындарын заманауи құралдармен, инновациялық жабдықтармен қамтамасыздау қажет.

Тағыда бір жайт, жастарды бизнеске құштарлығын ояту. Халықаралық тәжірибенің көрсеткіші бойынша жастарды кәсіпте қолдау, жұмыс орындарды ашуымен бірге мықты мамандарды даярлауға жол ашылады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің инновациялық дамуыға тезірек көшуге мүмкіндік береді. Жастардың, инновациялық белсендiлiгі, жаңашыл ойлауы, жылдам шешім қабылдауы, қиындықта иiлгiштiгі, тәуекелге баруы сияқты керемет жақтары бар. Жылда Алматы қаласында кәсіпкерліктің жаһандық аптасы шеңберінде “Жастар Кәсіпкерлігінің Форумы” өтеді. Одан соң жас кәсіпкерлер одағы, бизнес инкубатор секілді жобалар ашылуда. Мемлекет жағынан осы сияқты жобаларға қаражат бөліну қажет деген ойдамын.

Әлбетте, біз көпұлтты көпконфессиялы қоғам екеніміз екені есте болу керек, дегенмен, ана тілімізді дамытуымыз қажет. Себебі, қазақ тіліміз- тарихи құндылығымыз, рухани байлығымыз болып келеді. Ана тілімізді кез келген салада қолдануымыз қажет. Білмейтіндеріміз - талпынайық! Бір-ер жұмыс орнында қызмет атқара келе, ана тілімізде айшық сөйлейтін кісілерді сирек кездестірдім. Кейде қазақша сөйлессең, тіпті менсінбей қарап жатады. Тілімізді дамыту барысында, мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалуда. Тегін сабақтар, тегін бейнебаяндар, көптеген оқулықтар бар. Ана тілімізді құрметтеп, қастерлесек қоғам өзгерер, мәртебеміз одан ары асқақтайды деген сенімдемін.

Иә, бұл жылдар аралығында еліміз күрт өзгерді. Әлеуметтік, экономикалық, интеллектуалды өркендеп келудеміз. Архитектуралық тұрғыдан алсақ, Елбасымыз айтқандай, еліміздің басты күші – Елордамыз. Астана - тәуелсіздіктің нышаны, үні мен келбеті деуге келеді. Осы жерді басып жүріп, шынында, болашағымыз жарқын екеніне қуанамын.

Кеше ғана “ЭКСПО-2017” атты халықаралық көрмесі Елордада өтті. Ол Орталық Азияда мен “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына” кіретін мүше елдерде өткен алғашқы көрме болды. Көрме тақырыбы “болашақ энергиясы” - жасыл технологияларға арналған. Сарқылмайтын энергия көздері арқылы энергия алу, болашақта ең қажетті ресурсы. Бұл көрме 3 ай жалғасты. Әлемнің 100-ге жуық елі мен 10-нан астам халықаралық ұйымы қатысты.

Мұндай ауқымды, жауапкершілікті іс-шараны өткізу елімізге пайдасы өте мол. Өзге елдермен достығымыздың нығайып, мәртебесін асырды.

Тағы бір мәселе. Қазіргі жас жанұялардың арасында ажырасудың көбеюі. “Жастар қандай мақсаттарды көздейді? Басты құндылықтары? Ата-анасынан алатын тәрбиелері, ақылы қандай?” деген сұрақтар мені мазалайды. “Үйлену оңай, үй болу қиын” демекші. жанұя атты институтты қалай сақтаймыз, қалай қадірлейміз? Осы сұрақтарға шешім табу қажет деген ойдамын. Жаңа техногиямен өміріміз зымырап барады, алайда, ата-бабадан қалған құндылығымызды сақтауымыз керек. Мектеп өміріндегі жоғарғы сынып оқушыларына жанұялық психология деген жаңа пән, немесе жанұямен жұмыстанатын орталықтар ашу керек пе, ол жағын сарапшылар жақсы біледі. Дегенмен, бұл қазіргі таңдағы назар аударатын өзекті мәселенің бірі деп санаймын.

«Бала тәрбиесі – бесіктен» - тәрбие балабақшадан басталады. Патриоттық сезім жастайынан қалыптасады. Елімізде “Балапан” бағдарламасы бүгінгіге дейін іске асырылуда, Елбасымызға алғысым мол. Бағдарламаның көмегімен 4 мыңнан астам балабақша ашылды. Балабақшамен ғана шектелмей, жаңа әдістемелер арқылы балаларға тәлім-тәрбие беруді тоқтатпау керек.

Президентіміздің 90-шы жылдардағы стратегиясының арқасында еліміз аз уақыт ішінде жетістіктерін танитын, құрметке ие, мемлекет атанып келеді. Президентіміздің қиын жолда баға жетпес сіңірген еңбегі зор.

Біз ұлтымыздың тарихын қадірлеуіміз керек. Ел боламын десең – бесігіңді түзе демекші, ұрпаққа ақыл айтып жеткізсек, алып, мықты мемлекет боламыз.

Дүние жаңғыруда, алайда біз тарихи мұрамызды, ұлттық идеяны сақтап, құндылықтарды жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етіп тартуымыз керек. Әлбетте, бастысы, мекеніміздегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ыңтымақтастықты сақтап, көп нәтижеге жете аламыз.

Айтылмаған жетістіктер көп, спортқа келетін болсақ, бұл еліміздегі ұлтаралық келісімнің, бірліктің көрсеткіші. Сыртқы мен ішкі саясатты жүргізіп жүрген азаматтардың да еңбегі өте зор.

Еліміз тәуелсіз деп атанған күннен бастап, Дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін дәлелдеп келеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде атап өтті. БҰҰ шеңберінде Алматыда 2002 жылы, яки алғаш рет Азия құрлығында 24 елдің басшысын біріктіре, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. 2003 жылы Елордада алғаш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Күні кеше 100-ге жақын мемлекеттің біріктіріп халықаралық көрме “ЭКСПО-2017” өтті. Осының бәрін ескеріп бағалауымыз керек.

Бүгінгі таңда өркендеуге, әлеуметтік дамуға қарай бағыттадық. Елбасымыз бекіткен экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар және оның бағыттары менен оған қол жеткізу жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстана, келешекке сеніммен қарайық!




Каталог: uploads -> 2017 -> post12
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
post12 -> Сабақ тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Білімділік
post12 -> Сабақтың мақсаттары: Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана» Сабақтың мақсаты: Білімділік
post12 -> Lesson Study тәсілінің тиімділігі
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Фантазия Осы сабақта қол жеткізетілетін оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет