2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган экологиялық залал фактісін анықтаған
жағдайда:
1) осы Кодекстің 136-бабына сәйкес экологиялық
залалды жою жөніндегі міндет жүктелетін тұлғаны
анықтау бойынша шаралар қабылдайды;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген
тұлға анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде
оның атына осы Кодекстің 139-бабына сәйкес
ремедиация бағдарламасын әзірлеу және оны
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органмен келісу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
3. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет жүктелетін
тұлға осындай экологиялық залалды жоюдан жалтарған
жағдайда, тиісті міндет мұндай тұлғаға қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органның талап қоюы бойынша
сот тәртібімен жүктеледі.
4. Егер экологиялық залалды жою үшін жауапты тұлға соттың
ремедиация жөніндегі іс-шараларға қатысты заңды күшіне
енген шешімін сот шешімінде белгіленген мерзім ішінде
орындамаса немесе егер мұндай тұлға салдарларды жою немесе
ремедиация жөніндегі шараларды уақтылы қабылдамаса және
мұндай кідіріс одан әрі елеулі экологиялық залалға немесе
адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына елеулі зиянға
алып келсе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган ремедиация жөніндегі іс-шараларды дербес
өзі жүзеге асыруға және кейіннен тиісті іс-шараларды жүзеге
асыруға жұмсалған шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық залалды жою
жөніндегі талап қою талаптарын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың тиісті
Достарыңызбен бөлісу: |