Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу үшін төмендегі тапсырмаларды орындау қажет. А ) сөзжұмбақты шешу.
Б) сурет бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.
Презентация
Сабақтың ортасы
15 мин
Потенциалдық энергияны анықтаудағы нөлдік деңгей үғымын енгізу әдістемесін қарастырайық. Мұнда мынандай маңызды кезеңдерді көрсетуге болады.
1. Потенциалдық энергияның өзін емес өзгерісін анықтайды. Мысалы: Жер бетіне жақын маңдағы ауырлық күші үшін:
мүвдағы һ1 және һ2 дененің жерден бастапқы және соңғы күйлерінің биіктігі.
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі
Мұндағы — серпімділік коэффиценті, және серіппенің бастапқы және соңғы деформациясы.
Жұмыс энергияның өзін емес өзгерісін анықтайды, сондықтан да энергияның өзгерісінің ғана физикалық мағынасы бар. Осыдан барып жүйенің потенциаддық энергиясы нөлге тең деңгейі ерікті түрде таңдап алынады.
2. Жүйенің нөлдік деңгейіне көбінесе потенциалдық энергиясы аз болатын күйін таңдайды.
Оқушылар сыртқы күштер тек кинетикалық энергияны өзгертетінін, ал өзара әсерлесу - потенциалдық энергияны -өзгертпейтінін түсіне бермейді. Потенциалдық энергияның өзгерісі өзара әсерлесуші күштің (ішкі күш) істеген жұмысымен анықталады.
Осы қарастырғандардан барып істелген жұмыстың есебінен кинетикалық энергия артқанда потенциалдық энергия кемиді (және керісінше), яғни тұйық жүйеде энергияның сақталу заңы орындалады.
Презентация
20 мин
Тестік тапсырма. (қосымша 1)
1. Р автокөлігінің жылдамдығы Q автокөлігіне қарағанда екі есе көп, бірақ Q автокөлігінің массасы Р автокөлігінің массасынан төрт есе көп.
Келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A Р автокөлігінің кинетикалық энергиясы Q автокөлігінің кинетикалық энергиясының жартысына тең
B Р автокөлігінің кинетикалық энергиясы Q автокөлігінің кинетикалық энергиясының ширек бөлігін құрайды
C Р автокөлігінің кинетикалық энергиясы Q автокөлігінің кинетикалық энергиясынан екі есе көп
D Екі автокөлік те бірдей кинетикалық энергияға ие.
2. Автокөлік тұрақты жылдамдықпен көлбеу жолдың Р нүктесінен Q нүктесіне қарай төмен түсіп келе жатыр.
Келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A Автокөлік кинетикалық энергиясының өзгерісі оның потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең
B Автокөлік кинетикалық энергиясының өзгерісі оның потенциалдық энергиясының өзгерісінен көп
C Автокөлік кинетикалық энергиясы өзгермейді
D Автокөлік потенциалдық энергиясы өзгермейді