Қателіктердің негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ олар: Жүйелік және Кездейсоқ қателітер болып екі топқа бөлуге болады. Ж
үйелік қателіктер дегеніміз аспап арқылы тікелей өлшеулер кезінде жіберілетін қателіктерді айтуға болады. Олар: Аспаптың ескіруінен, аспаптың көрсетішінің дұрыс көрсетпеуінен немесе сынған құралды қолдану нәтежесінен болуы мүмкін.
Мына көрсетілген графиктерден аспаптың нәтижесінен болған қателіктерді айтуға болады. Яғни біздің пайда болған ауытқуларымыз осы құралдың жіберілген қателік болып табылады.
Практикалық Жұмыс Оқушыларды 4 топқа бөлу
1 топ Уақыт өлшейтін құрал
2 топ Температура өлшеу
3 топ Дененің көлемін өлшеу
4 топ Дененің массасын өлшеу
Физикалық шамалардың мәнін анықтауда тікелей және жанама өлшеулер арқылы анықтауға болады. Тікелей өлшеу кезінде салыстырмалы қателітерін есептеу кезінде деп есептейміз. Ал егер жанама өлшеулер арқылы анықтасақ оның салыстырмалы қателігі мен абсольт қателігін былайша анықтауға болады:
мысал y=b-c болса
x=b * c болса
Формулалары арқылы қателіктерін есептеуге болады.
Топтарға берілетін тапсырма:
1. Қажетті өлшеулерді жүргізу
2. Бұл өлшеудің қай түрі екенін анықтау(жанама немесе тікелей)
3. Өлшеудің абсолют қателігін табу
4. Өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтау
5. Өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазу.
Топтар бірін бірі бағалайды(дескриптор бойынша)
Дескриптор 1. Қажетті өлшеулер жүргізілген
2. өлшеудің түрін дұрыс анықтады (жанама немесе тікелей)
3. Өлшеудің абсолют қателігін есептеді
4. Өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтады
5. Өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазды
Мұғалім қорытынды бағалау жүргізеді.