Ахмет Айгүл СРС тарих



Дата24.03.2022
өлшемі63,08 Kb.
#136684
Байланысты:
Ахмет Айгүл СРС тарих
8-сынып 3 тоқсан бжб, Әбілкәрім Асқар, University of Economics in Bratislava

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті»

СӨЖ
Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.
Орындаған:Ахмет А.С
Тексерген:Жұмаділ М.Т

Алматы 2022
Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы
саяси рәміздердің маңыздылығы.
Мәдени-тарихи мұра - адам ақыл-ойы мен сезім талғамының жемісі деген ой қазіргі қоғамда көп таралып кеткені белгілі.Мәдени-тарихи мұраларды қорғау - қазіргі адамзаттың борышы . Өйткені біз өмір сүріп жатқан замандағы тарихи және мәдени мұралар келешек ұрпақта тарихи дүиелер болып қалады.Біз осындай мұраларымыз ертеңгі күні - үлкен бір тарих болып қалатыны сөзсіз белгілі.
Мәдени - тарихи мұралар - бұл адам ойының ұшқырлығынан пайда болған дүнтелер.Мысалы ретінде, әлемнің 8 кереметін алып қарасақ, олардың әрқайсысы адамның қолынан жасаған дүиелер болып табылады. Ал сол дүниелер қазіргі қоғамда біз үшін және бүкіл әлем үшін мәдени-тарихи мұра деп есептеледі.
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.Мектептегі оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:
- Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;
-Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің,пішінінің, элементтерінің мәнін білу;
- Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;
- Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Саяси рәміздер - мемлекеттік рәміздер.Рәміздер дегеніміз - мемлекеттің тәуелсіздік белгілерін көрсететін символдар деп қарастыра аламыз. Қазақстан Республикасының рәміздеріне :

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы;

  2. Қазақстан республикасының мемлекеттік Елтаңбасы;

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны жатады.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық біре­гейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалау­лары және теңгелеріндегі айшықты бел­гілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде елі­міздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжы­рымдамасы - ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында қалыптасады. Саяси жүйенің көшбасшылары уақыт өте келе ауысып отыруы мүмкін, бірақ халық өзінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, ғасырлар бойы иемденген және жоғалтып алған ұлттық құндылықтарымен, жағымды және жағымсыз қасиеттерімен қалады, сонымен қатар өзара ұлттық менталитетті қалып­тастырады. Мемлекеттік рәміздер мә­дениетіміз, тарихымыз бен менталитеті­міздің көркем туындысы болуы керек. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес.
Қорытындылай келе , мемлекеттік рәміздер - біздің тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі деп қараструға болады. Бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік рəміздердің азаматтардың патриотизмін дамытудағы жəне мəдени-тарихи жадыны сақтаудағы маңыздылығымен анықталады. Шын мəнінде, Рəміздер - əр елдің мемлекеттілігі мен тəуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рəміздер бірегей құбылыс ретінде терең тарихи тамырларға ие жəне өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Оның пайда болуы, қалыптасуы жəне сақталуы маңызды əлеуметтік, ақпараттық жəне мəдени функцияларға байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет