МАМАНДЫҒЫ
: Жалпы медицина
КАФЕДРА: Биологиялық химия
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 13 Сабақ.
Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
КУРС: 2
ПӘН: биологиялық химия
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Ерджанова С.С.Киргизбаева А.А.
Алматы, 2012 ж.
«___»______ 2012 ж.
өткен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ ___ хаттама.
Бекіткен
Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Плешкова С.М.
№ 13Сабақ.
1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тіндердегі өзгерістері. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде организмдегі глюкозаның негізгі катаболизм жолдары, энергиялық балансы туралы білім қалыптастыру.
2. Тіндерді энергиямен жабдықтау процестері ретіндегі глюкозаның тотығу жолдарының физиологиялық маңызы туралы білім қалыптастыру.
3. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, бүйрек межесі деген түсініктерді талдау.
4. Тақырыптың білім тереңдігін тексеру.
5. Шағын топтарда жұмыс істеу арқылы студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
6. Кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
Глюкозаның тіндерде тотығу жолдарын қарастыру.
Реакцияның жүру жағдайына байланысты глюкозаның тотығуындағы энергияның бөлінуін көрсету.
Студенттерді организмдегі глюкозаның катаболизмі кезіндегі энергиялық балансты есептеуге үйрету.
Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі қарастыру.
5. Анаэробты гликолиз, аэробты гликолиз, Кори циклы, глюкозаның гликолитикалық жолмен тотығуы, глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы деген түсініктерді енгізу .
6. Студенттерді кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Глюкозаның тотығу жолдары.
2. Гликолиз, реакциялар реті, осы процестің энергиялық құндылығы.
Глюкозаның аэробты тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
4. Шөрнек механизмдері.
5. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
5. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Сабақта төмендегідей әдістер пайдаланылады:
біріккен сұрау (тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талдау; блиц-сұрау; жазбаша бақылау);
шағын топта жұмыс жасау;
3) үй
тапсырмасын тексеру
4) Рольдік ойындар.
Оқыту құралдары: лекцияның электронды нұсқасы, тесттік тапсырмалар, гликолиз реакциялары келтірілген карточкалар; билеттер.
Сабақ сценарийі:
Мазмұны
|
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы
|
Уақыты
|
Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, үй тапсырмасын беру)
Ауызша талдау
Жазбаша бақылау
Карточка бойынша шағын топта жұмыс жасау
5. Сабақты қорытындылау
|
Оқу журналы,
Жазбаша бақылаудың билеттері,
Тесттік тапсырмалар, Жаттығулар,
Жағдайлық есептер, Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау,
Силлабус, Лекцияның электронды нұсқасы (Көмірсулар алмасуы)
|
5 мин
2. 50 мин
15 мин
25 мин
5 мин
|
1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, үй тапсырмасын беру)
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы)
қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау.
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
10. Глюкозаның катаболизмі. Тіндердегі глюкозаның тотығу жолдары.
11. Глюкозаның анаэробты жағдайда ыдырауы. Гликолиз немесе гекзофосфатты жол.
12. Кори циклі, осы процестің маңызы.
13. Глюкозаның анаэробты гликолитикалық тотығуының энергиялық балансы.
14. Глюконеогенез. Осы процестің маңызы. Қандай тіндерде қарқынды өтеді? Глюконеогенездің жанама реакциялары.
15. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
16. Шөрнек механизмдері. Пастер эффектісі
17. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
18. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуының маңызы.
19. Глюкозаның пентозофосфатты және гликолиз жолымен тотығуының ұқсастығы мен айырмашылығы.
20. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
21. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процестер.
2. Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі.
3. Шағын топтарда жұмыс жасау.
Студенттерді 4-5 адамнан екі шағын топға бөліп, 1-ші топ гликолиз реакцияларын ретпен, ал 2-ші топ глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығу реакцияларын ретпен жазу керек. Оқытушымен бірге нәтижелерді талдау керек. Үрдістердің айырмашылығы мен ұқсастығын көрсету.
|
Гликолиз
|
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы
|
Жасушада үрдістің жүретін орны
|
|
|
Аэробты немесе анаэробты
|
|
|
Үрдіс нәтижесінде түзілетін субстраттар
|
|
|
Үрдістердің арасында байланыс бар ма
|
|
|
Үрдістердің маңызы
|
|
|
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
С.М. Плешкова, К.Қ. Өмірзақова, С.А. Абитаева «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006 жыл, 5-31 бет.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 288-359.
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 319-359.
СеитовЗ.С. «Биохимия», Алматы,2007 жыл, 199-257 бет.
Қосымша:
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж.
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подгормонтовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 30-34.
Р. Марри, Д. Греннер, П. Мейес, В. Родуэлл «Биохимия человека», 1993.
Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994
7. Бақылау:
Сабақтағы құзырлылықты бағалау әдістеріне кіреді:
Білім құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, шағын топта жұмыс жасау нәтижелері бойынша; үйге берілген жаттығуларды, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.
Жағдайлық есептер:
Науқаста В1 витаминінің гиповитаминозы байқалады. Көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
Науқас үйреншікті емес ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?
Шамадан тыс гликолизде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
Гликолитикалық ферменттер мен цитрат циклінің ферменттерінің активтілігі төмендегенде организмде қандай биохимиялық өзгерістері байқалады?
Спортшы қысқа қашықтыққа өте жақсы жүгіретінін көрсетті. Көмірсулар алмасуының қандай сатылары спортшыда жақсы қызмет көрсетеді?
Студент биохимия сабағына кешікпеу үшін 20 минуттай жүгірді. Осы кезде бұлшықетті глюкозамен қамтамасыз ететін қандай механизм? Оған сипаттама?
Тесттер: