қышқылдар, витаминдер т.б.қабынғанға қар
сы әсер ететін,тер шығаратын , ауырған
жерді тыныштандыратын дәрі ретінде жә
не клизма жасауға қолданылады. Іш өткен
де, ішек түйнегенде ішеді. Оның гүлдері-
нен жасалған су тұнбасын ішке жел қа-
бынғанда, ыстық көтерілгенде дәрі реет-
інде қолданады.
Сондай-ақ оның антисептік қасиеті де
бар.Емдік өсімдіктердің ас қорыту мүше-
лерінің қалыпты жұмыс істеуіне
де тигізер септігі мол. Ол үшін
түймедақ гүлінің қайнатпасын екі күнде
бір стаканнан ішу пайдалы.
Емдік қасиеті
Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі
өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.
Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:
1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.
2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.
3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.
4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.
Ескерту! Емдік мақсатта пайдаланатын өсімдікті көлік жүрмейтін, ауыл, қаладан алыс шалғын мен алаңқайлардан жинау керек. Дәрілік мақсатта қолдану үшін өсімдікті толық гүлдеп тұрған кездежинайды. Көлеңкеде кептіріп, дорбада сақтайды.
Мен зерттеу барысында Жуалының емдік қасиеті бар түймедақ гүлін жаз
Достарыңызбен бөлісу: |