14. Сөз ағымындағы кідіріс түрлері – Бұл «Дұрыс сөйлейік!»



Дата08.02.2022
өлшемі49,08 Kb.
#119854
Байланысты:
14. Сөз ағымындағы кідіріс түрлері
17-01-17 информатика Меруерт аш саб 6 сынып, 07.10.2021, 07.10.2021, 1602171318, 10 8

14. Сөз ағымындағы кідіріс түрлері
– Бұл «Дұрыс сөйлейік!» аудиобағдарламалар циклі. Анар ханым, біз енді сөйлеу мәнеріне байланысты, әсіресе журналистерді мысалға келтіре отырып бағдарламамызды әсерлі етіп отырмыз, нақты біздің тыңдармандарға түсінікті болу үшін жеткізіп отырмыз деген ойдамыз. Енді келесі мәселе – сөз ағымындағы кідіріс туралы. Кідіріс, жалпыға бірдей түсінікті болу үшін пауза, сөз ағымындағы паузаларға байланысты айтып өтсек.
– Өте жақсы сұрақ. Біз айттық қой сөз ағымы үздіксіз, мысалы, сөз сыртқа шыққанда ауызша сөз үздіксіз дыбысталмайды, оның арасында кідірістері болады. Ол кідірістер міндетті түрде белгілі бір мақсатпен қойылады немесе тілдің заңдылығына қарай, яғни өткен аудиокурста айтылған ырғақты топ арасында болуы мүмкін немесе синтагмалардың арасында болуы мүмкін. Сондай-ақ логикалық екпін түсірген сөзіңіз екі жағынан кідіріспен бөлініп, сіздің мына сөз ағымыңыздың ішіндегі мағынасы күшті деген сөзіңізді сіз екі жағынан да пауза жасап, ерекшелеп айтасыз. Кідірістер осындай қызмет атқарады. Кідірістердің қызметі өте көп. Бірінші қызметі оның – грамматикалық қатынасты көрсету, егер сіздің сөйлеміңізде бірыңғай мүшелер болса. Мысалы, Мына бөлмеде орындық, теледидар, үстел, кресло деген сияқты бірыңғай мүшелердің арасын сіз кідіріспен сіз міндетті түрде бөлесіз. Бұл грамматикалық қатынасты білдіреді. Немесе құрмалас сөйлемдер бірнеше компоненттен тұратын болса. Мысалы, сол сияқты бір сөз болып жатқан объектінің бір сипатын білдіретін бір сөз орамы келген кезде. Мысалы, Кеше ғана Астанадан келген Нұрсұлтан, бүгін бізбен қонақта десек сізге қатысты сипатын білдіретін бір сөз орамы паузамен бөлініп тұр, кідіріспен бөлініп тұр. Осындай грамматикалық мағыналарды білдіреді кідіріс. Екіншіден, кідіріс кейде логикалық мағынаны ерекшелеу үшін, жаңа айттым ғой, сіз логикалық екпін түсірген сөзді екі жақтан, немесе оның алдынан, немесе оның артынан бөліп айтасыз. Мысалы, Бүгінгі біздің аудиокурсымыздың тақырыбы – сөз сазы десек, оның алдындағы кідірісті сіз сөз сазын ерекшелеу үшін қойып тұрсыз. Ал енді сіз бүгінгі деген сөзді ерекшелегіңіз келсе, Бүгінгі біздің тақырыбымыз – сөз сазы деп бүгінгіні ерекшелеп айтасыз. Енді кідірістің тағы бір қызметі, тіпті қызметі дейміз бе, бұл – эмоцияны білдіру. Сіз сөйлеп отырған шаршы топтың назарын сіздің айтып тұрған сөзіңізге қатысты эмоцияңызды көрсету үшін де неше түрлі кідірістерді жасауға болады. Осыны дұрыс пайдалана білу керек. Сонан кейін енді мынандай қателіктерден сақтану керек.
– Қандай?
– Синтагма дегенді біз алдыңғы сабақтарда айтқанбыз. Синтагма деген белгілі бір мағынаны жеткізе алатындай, ойдың кішкентай болса да бөлігін бере алатындай сөз ағымының бөлшегі дедік. Синтагмадан кейін міндетті түрде пауза қойылады. Мысалы, менің осы бір сөйлемімді қарасаңыз, Синтагмадан кейін// міндетті түрде пауза қойылады. Көрдіңіз бе, синтагмадан кейін деген сөзім менің бір синтагма болып тұр, міндетті түрде кідіріс қойылады деген екінші синтагма болып тұр. Егер сіз осы заңдылықты сақтамасаңыз сіздің сөзіңіз бірсарынды болады, онда ешқандай кідіріс болмаса тыңдарман үшін ол өте қиын болады. Мысалы, менің соңғы сөйлемімде бірде-бір кідіріс болған жоқ. Мысалы, егер сіз осы заңдылықты сақтамасаңыз, тыңдарман үшін бұл өте қиын болады. Кідіріс болмаса, тыңдарманның оны түсінуі ауырлап кетеді сөздердің арасындағы кідіріс... міне, мен тоқтамай сөйлеп едім, сіздің түсінуіңіз қиындап кетті, көрдіңіз бе? Сондықтан кідірістерді дұрыс қойып отырған абзал.
– Мінеки, құрметті тыңдармандар, біз сөз ағымындағы кідірістер мәселесін көтерген болатынбыз. Рақмет сізге, Анар ханым!
– Өте дұрыс пайдаландыңыз кідірістерді, Нұрсұлтан!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет