14-тақырып. Білім алу қажеттілігі ерекше балалардың жетістіктерінің мoнитopингі



бет2/4
Дата06.07.2023
өлшемі48,86 Kb.
#179339
1   2   3   4
Байланысты:
5 тапсырма Айтқұл Нұрғазы МиФ-19-1

1. Білім берудегі мониторинг.

Мемлекеттік бағдарламада мынадай міндеттер қойылған: білім саласын дамытуды ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жүйе негізін қалау және білім беру ұйымдары мен ондағы оқу үдерістерін тиімді басқару үшін салалық ақпараттық жүйені құру.


Бұл бағдарламада жалпы білім беруде мониторингтік жүйені дамыту, білім сапасын бақылаудың және бағалаудың ұлттық моделін жетілдіру, бейінді білім беруді жаппай жүзеге асыру, 12 жылдық білім беруге көшу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылған.
Бағдарлама, бірінші кезекте, білім берудегі сапа менеджементі жүйесіндегі, педагогикалық мониторингті жетілдіре отырып, «барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу» талабын қояды. Мониторингтік зерттеулер – білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі бақылау, нәтижелерін өңдеп, талдау, ақпараттарды сақтау, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау және басқару тетіктерін жетілдірумен айналысатын болады.
Қазіргі уақытта тек мұғалім ғана емес, оқушы (студент, магистрант) да жоғары балл жинап, күнделікті материалды терең меңгергенде ғана сапалы білім алу мүмкін екендігін жақсы түсінеді. Осыған орай, бағдарламаның «Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі» тарауында «білім беру нәтижелерін басқарудың базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі» деп жазылуы өте орынды.
Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету құралы – білім сапасын мониторингілеу және диагностикалау болып отыр. Ал, педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • ақпараттың мазмұны;

  • ақпараттың сапасы;

  • ақпаратты басқаруда пайдалану.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату болып табылады.
Г.А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Педагогикалық мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк болып табылады. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Ал педагогикалық диагностика бұл бақылау түрлерінің бір жүйесі. Онда өлшемдік тетіктердің көптеген түрлері бар. Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет