14-тақырып. Білім алу қажеттілігі ерекше балалардың жетістіктерінің мoнитopингі


-тақырып. Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы мамандарға қойылатын біліктілік талаптары



бет4/4
Дата06.07.2023
өлшемі48,86 Kb.
#179339
1   2   3   4
Байланысты:
5 тапсырма Айтқұл Нұрғазы МиФ-19-1
16448519630f7bcc7c-0ead-4940-8042-7dcfec1c7d23img, 2 5339427652178546381, олқ 6 сынып каз.т әдебиет, математика, Акмарал жумысы2013 13 05 2013, 1-2023-1-001287884-1-1, тжб 9 геометрия
15-тақырып. Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы мамандарға қойылатын біліктілік талаптары.
Инклюзивті білім беру мен оның негізгі қағидалары, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді. Дегенмен, мектеп әкімшілігі мен педагогтар алдында мынандай мәселелер туындайды: мамандар мен педагогтардың ауыртпалықты үлестірудегі таңдау; білім беру кеңістігін ұйымдастыру; сыныпта психологиялық ахуалды ұйымдастыру; сыныпта ықпалдастық пен әрекеттестікті ұйымдастыру; ата-анамен жүргізілетін жұмыс; мүмкіншілігі шектеулі балалардың жұмысын бағалау, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін арттыру үшін қолданылатын әдістер және т.б.
Жоғарда аталған мәселеледі шешу үшін алдымен инклюзивті білім берудегі әр маманның атқаратын қызметі нақтылануы қажет. Сонымен қатар, инклюзивті білім бір ғана тарапты көздемейді, ол өзіне бірнеше тарапты қосатынын ескеру қажет. Яғни, инклюзивті білім беру жүйесін өзіне, мүмкіншілігі шектеулі баланы, қалыпты бланы және ата-аналарды, инкюзивті білім беру жүйесінде қызмет атқаратын барлық мамандар мен жалпы қоғамды қосады. Кез-келген инклюзивті білім беру аймағындағы мамандар тек өз қызметі шегінде шектеліп қалмайды, ол өз қызметін инклюзивті білім беру жүйесіне сай үздіксіз қызмет атқарады. Және «маман-бала» тұрғысында жұмыс атқармай, басқа да инклюзивті білім аймағына қатысушылармен бірлестік қызметінде жұмыс жасайды. Бұл өз алдына күрделі жүйе. Осы жүйеден біз мамандардың қызметінің ауқымдала түсетінін көреміз. Бұл жүйені біз «макро жүйе» тұрғысында қарастырдық.

Педагог болу – жауапты іс, әсіресе педагог – дефектологтың еңбегіауыр, себебі ол өз дамуында қалыптан ауытқыған, түрлі кемістікке ұшыраған кемтар балаларды оқытып, тәрбиелейді. Ал бұл педагогика- лық жұмысты кемістіктің бетін қайтарып, жеңуді, баланың жеке басының қалыптасуына көмектесуді,оның жалпы дамуын алға жылжытуды, оны белгілер білімдер жиынтығынан хабардар етуді, онда өмірлік маңызы барбілік, дағдыларды қалыптастыруды, сондай – ақ оның сәтті әлеуметтік бейімделуін іске асыруды көздейтіндей етіп ұйымдастыруды қажет етеді. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы, ойлампаздығы, іске адал көзқарасы баланың табысқа жетуіне белгілі дәрежеде көмектеседі.


Педагог – дефектологтар кемтар балалармен ғана жұмыс істеп қоймайды. Оның қызмет өрісіне басына түскен бақытсыздыққа қатты күйзелетін, қиын жағдайларда өздерін түрліше ұстайтын ата – аналарда кіреді. Ата – аналардың бір тобы балаларының болашағы үшін күресуге іштей дайын емес, өзін күресуге дәрменсіз, шарасыз сезінеді, күресудің пайдасы да жоқ деп есептейді. Енді бірі белсене кірісіп, білместіктен баласына пайдадан гөрі зиянын тигізеді. Кейбір ата – аналар баласын тәрбиелеуге құлшына кірісіп, нәтиже тез байқала қоймаған соң әрекетсіздікке көшеді.
Баласының кемтарлығына ұялып, оны оқшау ұстайтын ата – аналар да кездеседі. Ондайлар маманның көмегіне үлкен күшпен келеді. Ақылға келіп, баласына көмек көрсететін ата – аналар да бар. Олар дефектологтен ақыл – кеңес алып, болашаққа сенім артады.
Мұғалім – дефектолог барлық ата – анаға көмектесуге тиіс. Біріне жүйелі, дұрыс жүргізілген жұмыс міндетті түрде табыс әкеледі, сөйтіп бала болашақта үлкен жетістікке жетеді деп сенім ұялатса, екіншісіне дұрыс бағыт ұстамайтынын, балаға деген қарым – қатынасын түбірінен өзгерту керек екенін түсіндіреді, үшіншісіне кемтар баламен жұмыс мықты шыдамдылық пен еңбек қажет ететінін, сәтсіздікке ұшыраған кезде күдер үзудің пайдасы жоқ екенін сендіреді. Педагог ата – анаға кемістігі бар баланы айналадағылардан оқшаулаға болмайтынын, баланың сәтті дамуы үшін әлеуметтік орта қажет екенін түсіндіреді. Әрине, мұғалім – дефектолог қана кез келген жағдайда ата – анаға пайдалы әдіс, тәсілдерді бере алады.
Ата – анамен жұмыс, оларға кеңес беру, қиын кезде оларды қолдау, кемтар баласының болашағын ата – ананың алдына жайып салу педагог – дефектологтің қызметіндегі әрі күрделі, әрі маңызды аспект екенін естен шығармауымыз керек. Сонымен бірге кейде кемтар баланың ата – анасыда кемтар болуы мүмкін. Бұл жағдай педагог – дефектологтің жұмысын ауырлатады, дегенімен мәнін түсірмейді.
Педагог – дефектологтің қызмет өрісіне кемтар баланың айналасындағыларға дефектологиялық білімдерді насихаттау да кіреді. Мұндай жұмыс өте қажет, өйткені кемтар баланың әлеуметтік бейімделуі оның психикалық ерекшелігіне, жеке бас өзгешелігіне ғана тәуелді емес, адамдардың онымен қарым – қатынас жасауға дайын еместігіне, оның қажеттіліктеріне түсінбеуі де тәуелді.
Көпшілігі ынтамен – ақ көмектесер еді, бірақ қалай істеу керек екенін білмейді. Мұғалім – дефектологтің қызметі барлық балаларға, соның ішінде кемтарларға адамгершілікпен қарым – қатынас жасауға көмектесуі мүмкін.
Педагог – дефектолог өзінің алдында тұрған күрделі міндетті үнемі шешіп отыруы тиіс, өйткені ол кемтар балалармен, оның ата – анасымен жұмыс істейді. Бұл үшін ол білімді, көп оқыған болуы керек. Бұл әсіресе оның жалпы және арнайы педагогика саласындағы біліміне қатысты. Ол жаңа әдебиеттермен таныс болып, оқыту мен тәрбиенің түрлі әдіс, тәсілдерін, жекелей жұмыс жүргізу түрлерін еркін меңгеріп, арнайы техникалық құралдарды пайдалана білуі тиіс. Бұл білімдерсіз ол оқу, тәрбие жұмысын іске асыра алмайды, оған коррекциялық бағыттылық бере алмайды, ауру баланың ата – анасына көмектесе алмайды.
Әрине мұғалім – дефектолог түрлі кемістігі бар баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселесін тең дәрежеде игере алмайды. Кемтар балалардың әр категориясының өзіне тән ерекшелігі бар. Дегенмен жалпы алғанда мұғалім – дефектолог дефектологиялық жұмыстың барлық бағыттарымен таныс болуы керек.
Дефектологтың кәсіби біліктілігіне кіреді дамудың жағымсыз нұсқаларын айқындау және баланың оқудағы қиындықтарын анықтау; дамудың жеке кешендік бағдарламаларын құрастыру; балалардың ақыл-ой дамуы деңгейі мен түзету шараларының нәтижесін динамикалық зерттеу; оқытудың таңдалған формаларының, әдістері мен тәсілдерінің баланың нақты жетістіктеріне сәйкесігін қадағалау; педагогтер мен ата-аналарға ДМШ балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы формаларын таңдау бойынша кеңес беру; аймақтық ПМПК, арнайы түзету ұйымдарымен, оңалту орталығымен, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен және логопедтік пунктермен байланыс орнату; оқу сабақтарындағы кемшіліктердің орнын толтыру бойынша арнайы (түзету) және қосымша сабақтар өткізу; әлеуметтік педагог, арнайы психолог, логопед және ДМШ балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер жұмысын үйлестіру; психологиялық-педагогикалық мониторингтің, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын бақылау. Жалпы білім беретін орта мектептің дефектолог мұғалімінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары Жұмыс бағыттары Іс-шаралар Болжамалы мерзімдері 1 2 3 Диагностикалық бағыт ДМШ оқушылар мен оқуда қиындықтары бар балалардың танымдық және оқу қызметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Түзету-дамыту сабақтарындағы оқу қызметінің барысында ДМШ балалардың дамуын динамикалық қадағалау. Оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының нәтижелілігін, олардың бағдарламалық білімді, машықтар мен дағдыларды (негізгі пәндер бойынша) меңгеруін зерттеу Түзету-дамыту бағыты ДМШ балалармен түзету-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын құрастыру. Түзету-дамыту сабақтарын өткізу Консультативтік-ағартушылық және профилактикалық бағыт Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде, педкеңестерде, жиналыстарда (баяндамалар тақырыбы) сөз сөйлеу. Педагогтердің жеке консультациялары. Ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу. Ата-аналардың жеке консультациялары Ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт Мектеп консилиумінің мәжілістеріне қатысу. Мектеп консилиумінің мамандарымен пәнаралық ынтымақтастық. Құжаттама жүргізу. Өз бетімен білім алу (әдебиетпен жұмыс, түзету-дамыту жұмысының әдістемелерін іріктеу, арнайы әдебиеттер, дидактикалық материалдар, дамытушы оқулықтардың, көрнекілік материалдарының картотекасын құрастыру). Басылымдар,конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу. Жұмыс кабинетін безендіру Талдамалы бағыт Әр оқушының дамуына түзетушілік әсер ету үдерісін талдау және оның тиімділігін бағалау. Консилиум және ОПМПК үшін оқушыларға мінездемелер мен ұсынымдар құрастыру. Талдамалы есептер құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет