Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Кенжеғараева Назиға оқу жылы басындағы жазба жұмыстары мен тоқсан соңында алынған жазба жұмыстарының салыстырмалы көрсеткіштерімен таныстырды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. Енгізілген өзгерістерді мұғалімдер талқылады.
Екінші мәселе бойынша 2020-2021 оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жоспарларын бекіту жөнінде тоқталып, сағат жүктемелері нақтыланды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны бойынша балаларды бағалауда көптеген өзгешеліктер бар екендігіне тоқталды. Бағалаудың түрлері мен элекронды журналмен жұмыс жасау үлгісін көрсетті.
Үшінші мәселе бойынша Жас мамандардың үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарын көрсету, қиындықтардан өтуіне көмек беру;Озық тәжірибелермен танысып, жаңа технологияны үйреніп, практикада қолдануға ықпал ету.Шығармашылық ізденіске баулу мақсатында тәлімгер ұстаздар тағацйындау мәселесі талқыланды. Жас ұстаздарға білікті мұғалімдер тәлімгер ұстаздар тағайндалды.
Төртінші мәселе бойынша елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу жүйесіне оқушылар мен мұғлімдердің дайындығына тоқталды.
№140 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестігінің отырысы
қаулы етеді:
1. Жоспарға сай іс - шаралар уақытында өткізілуі әр сынып жетекшісіне жүктелсін.
2. Оқулықтардың таза, сапалы ұстап-тұтылуы сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
3. Жас мамандармен жоспар бойынша жұмыс жүргізу тәлімгерлерге жүктелсін.
4. Осы шешімнің орындалуы бірлестік жетекшісі Кенжеғараеваға жүктелсін.
Достарыңызбен бөлісу: |