140 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестігінің отырысы (zoom арқылы)


Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Кенжеғараева Н



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі62,5 Kb.
#119825
1   2   3   4   5
Байланысты:
Хаттама №1-2 2020-2021 (1)

Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Кенжеғараева Н.
Хатшы: Әлібаева А.
05 қараша, 2020 жыл

Хаттама №3

Қызылорда қаласы


Абылай хан атындағы
№ 140 мектеп 05 қаңтар,2021 жыл

140 қазақ орта мектебінің


бастауыш пән бірлестігінің отырысы (zoom арқылы)

Қатысуға тиісті – 26 мұғалім


Қатысқаны – 26 мұғалім


Күн тәртібінде:

1. Екінші тоқсанның қорытындысы, ТЖБ-дың анализі. Кенжеғараева Н.


2. «Тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер мен белсенді оқыту тәсілдерін қолдану» - баяндама Жалиева А
3. «Критерийлер бойынша бағалауды оқу үдерісіне қалай ендіреміз?» (коучинг) Бахадурова Ұ
4. Ағымдағы мәселелер


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Кенжағараева Назиға екінші тоқсанның жиынтық бағалау қорытындысымен таныстырды.Сонымен қатар алдағы үшінші тоқсанда оқушылардың білім деңгейін көтеруге, қатесіз жазуға оқушыларды дағдыландыру керектігі, жұмыстың таза, ұқыпты жазылуына мән беру керектігі, жазу көркемділігінің сақталуын қадағалау қажеттігі ескертілді.




Екінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Жалиева Айнур «Тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер мен белсенді оқыту тәсілдерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны бойынша балаларды бағалауда көптеген өзгешеліктер бар екендігіне тоқталды. Бағалаудың түрлері мен элекронды журналмен жұмыс жасау үлгісін көрсетті.


Үшінші мәселе бойынша «Критерий бойынша бағалауды оқу үдерісіне қалай ендіреміз?»тақырыбында Бахадурова Ұлбазар коучинг сабақ өткізді. 2 сынып мұғалімі жаңа технологияны пайдалана отырып, 7 модульге негізделген сабақ үлгісін көрсетті. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының бағалау түрлері, тренинг ,ойын түрлеріне жеке тоқталып, диалогтық оқыту мен топтық жұмысқа баса назар аударуымыз керек екенін дәлелдеп берді. Сабақ өте тартымды, қызықты өтті.
Төртінші мәселе бойынша ағымдағы мәселелер ортаға салынып талқыланды.
Барлық тапсырылған жұмыстардың өз уақытында орындалуы, іс-қағаздардың жүйелі жүргізілуі, оқушылардың сабаққа қатысуы мен мектеп ережесін сақтауы туралы, баспасөзге жазылу мәселелері айтылып, ескертілді. Оқушылардың пәндік олимпиадаға, ғылыми жоба жұмыстарына даярлық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп отырылуы айтылды.

140 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестігінің отырысы


қаулы етеді:

1. Екінші тоқсанның қорытындысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.


2. Оқулықтардың таза, сапалы ұстап-тұтылуы сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
3. Интерактивті тақта мен техникалық құралдар арқылы сабақтар жүргізу толық қолға алынсын.
4. Мұғалімдерге берілген тапсырмалар уақытылы, сапалы орындалсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет