Қайырлы күн студенттер. 13.05.2020ж.
Тобы:МБ-В-16
Мамандығы: «Музыкалық білім беру»
Пәні: «Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі»
Сабақтың тақырыбы: Деңгейлік бағдарлама бойынша оқу үдерісі қалай жүру керектігі және сапалы оқыту дегеніміз туралы материалдарымен таныстыру.
Жаңа сабақ жоспары:
Деңгейлік оқыту бағдарламасының мақсат-міндеттері.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер
Оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы және оның ерекшеліктері
Қалыптастырушы бағалауға ұсынылатын әдіс-тәсілдер.
Бағдарламаның мақсат-міндеттері
Студенттерге жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстыру;
2) жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3) критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстыру;
5) жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізудің маңызын түсіндіру.
Оқу нәтижелері:
1) Оқытушылар жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын біледі және түсінеді;
2) жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсінеді және қолданады;
3) критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолданады;
4) педагог кадрлардың біліктілін арттыру бағдарламаларының мақсат-міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын біледі және түсінеді;
5) жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізуге байланысты білік, дағдылары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |