Эссе



Дата24.04.2022
өлшемі87,21 Kb.
#140709
Байланысты:
Эссе
Уй тапсырмасы (2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

Базалық білім беру институты


­Қоғамдық пәндер кафедра­сы



СӨЖ-1

0С0аясаттану және мәдениттану пәндерінен







Жұмысты орындау сапасы

Баға диапазоны

Орындалған
%

1

Орындалған жоқ

0%




2

Орындалды

0-50%




3

Материялдық өзіндік жүйелендіру

0-10%




4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%




5

Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану

0-5%




6

Орындаған тапсырманың ерекшелігі

0-10%




7

СӨЖ-ді қорғау

0-20%







Қорытынды:

0-100%




Оқытушы: Абдразакова Н.А.
Студент: Салауат М.Б.
Мамандығы: Құрылыс инженериясы
Тобы: дүйсенбі 8:55-13:00
Алматы 2022
Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы.

Жалпы айтқанда, әрбір мемлекеттің құқығы мен әлеуметтік мемлекетінің қалыптасуының өзіндік мәні мен тарихы бар. Мәселен мұндай мемлекет ең алдымен, халқының жағдайын жасап,ішкі байлықтары мен мал-мүліктерін орынды жұмсап отырған,өз жерін қорғап, еліне залал тигізбей, денсаулық мәселесіне үлкен мән беріп отырған үлкен отбасы деп айтсам қателеспеспін. Себебі, жоғарғы айтылған мәселелердің бәрі шешімін тауып тұрса, демек әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің іргетасы әу бастан дұрыс қаланғанын білдіреді. Бәрімізге мәлім «Бірінші ұстаз» Аристотель де бұл ұғым жайында өзінің ойын білдіріп, өз заманындағы халыққа осы жолды насихаттаған. Грек философының арқасында, адам капиталы мен адамдардың дамуының индексі деген ұғымдар көптеген елдерде бастау алып,қолданылып келе жатыр. Алайда, сол жылдары бұған аса мән берілмеген. Тек осы бірнеше жылдықта бұл ұғымға үлкен мән беріліп отыр. Әсіресе, дамыған елдер үшін бұл өте маңызды. Басқа елдер сияқты, біздің де мақсатымыз бір. Ол құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру. Бұл ұғымды бәрі дерлік азамат түсіне бермейді. Себебі, бұл ұғымдарды елімізде өте төмен деңгейде ұсынып отыр. Тіпті мектеп оқушыларның да бағдарламасына бұл мәдениет арнайы жеке пән ретінде де ұсынылмаған. Меніңше, балаларға бұл ұғымдардың мәні мен мағынасын жастайынан түсіндіріп, мектеп бағдарламасына арнайы пән ретінде қосылуы керек. Себебі, жастарда базалық білім болмаса, еліміз ешқашанда толығымен құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптаса алмайды.


Еліміздің тәуелсіздігін алғанына міне биыл отыз жыл болды. Осы отыз жыл ішінде қайғыны да, қуанышты күндерді де бірге өткізіп келеміз. Егемендігімізді алған күннен бастап-ақ зайырлы,әлеуметтік және құқықтық мемлекет атануға бар күш-жігерімізді салдық. Бұл жайында Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциямызда қабылданған принциптері мен алғышарттарда көрсетілген: Қазақстан Республикасы өз алдына зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылды. Сол себепті де еліміздің басты байлығы – халық және олардың ғұмыры,құқықтары мен бостандықтары. Жалпы айтқанда, әр адам өз ойын ортаға салып бөлісе алады, бұған ешкім қарсылық білдірмеуі қажет. Ешкім біреуге сен дұрыс жасамадың, сен қате жолды таңдадың, сенің талғамың нашар деп айтуға құқығы жоқ. Тіпті мәжбүрлі түрде бір дінді таңдатып, зорлық көрсетуге тыйым салынады. Ата Заңымыздығы негізгі ескеруіміз керек қағидалардың қатарында биліктің заң шығарушы, сот билігіне үлкен көңіл бөлінуі қажет. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламенттің өкілетті және заң шығаратын орган ретінде маңызды рөлін мойындайтын, заң шығаратын және атқаратын билік қызметі толық нақтыланған мемлекеттік билік жүйесі, оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр. Мұнымен айтқым келгені сот билігі тәуелсіз болуы, шыншыл болуы өте маңызды. Себебі, бүкіл жағдай жемқорлыққа келіп тіреледі. Тәуелсіздіктің келесі негізі материалдық жағдайдың тұрақты болуы. Қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам талаптарын қарастыру мен әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру пара пар жүргізіліп келеді. Қоғамда бейбіт өмірді сақтап қалып, әлеуметтік институттарын әске қосып, жұмысшыларға әділетті жалақы дайындау әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты. Айта кетерлік жағдай, бұрыңғы жылдармен салыстырғанда, алдағы жылдары көп жаңашылық енгізіліп,көптеген шаралар қолданып келе жатыр.
Алайда, демократиялық институттарды қалыптастыру жағдайы төмен. Ол халықтың әлеуметтік қабылдауының артта қалғандығымен түсіндіріледі. Елімізде жүргізілген саяси реформалардың арқасында осы демократиялық институттың қалыптасуына үлкен көңіл бөлінді. Бірақ меніңше бқл тез арада орындалатын жұмыс емс, әлі де біраз уақыт керек сияқты. Бұл институттарға қарсы болатын азаматтардың саны да аз емес екені ешкімге құпия емес. Қазіргі кезде азаматтар ерікті түрде бірлестіктер мен қауымдастықтарды құрып жатыр. Бірақ сонда да олар азаматтық қоғам жүйесін құра алған жоқ. Бұл қоғамның құрылмауы әлеуметтік және мәдени алғышарттарының өалыптаспағанымен тығыз байланысты. Жоғарыдан астыға қарай төмен бағытталған ірі ұйымдар осы кішігірім ұйымдарға үстемдік етіп отыр. Әлеуметтік және құқықтық мемлекет жоспарына үңілсек, адам өмірініің құндылығы мен оның өмірінің кепілінің шартын қалыптастыру еліміздің міндетінде болуы қажет. Адам мен қоғамның құнды бағдарының жаңа бағытын жасауды қажет етеді, соның ішінде жеке адам құндылығына, оның бостандығы мен дербестігіне оның құқығы мен мүддесін өзі анықтау мүмкіндігіне мүмкіндік берілген. Өркениетті қоғамның, құқықтың мемлекеттің міндеті мен мәні оны процесті қамтамасыз ету, ережелер шеңберінен тыс индивид әрекеттерін шектеу болып табылады. Бұған құқықтық сананың жетілген формалары болғанда ғана қол жеткізуге болады. Жаңа мемлекеттік құрылыс бекітілді. Оның негізі – құқықтары мен бостандықтары бар адам болып табылады, оның негізінде адамды биік құндылық ретінде бекіту идеясының алғышарты жатыр.
Қорытындылай кететін болсам,әлеуметтік пен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ уақыт жүретін процесс. Ол үшін көптеген шаралар ұйымдастырып, халыққа да бұл ұғымдардың мәнін түсіндіріп, білімдерін толықтыру қажет деп санаймын. Әлеуметтік құқықтық мемлекетте жеке басының бостандығы барлығы үшін тең сипатта болады және мемлекеттік-құқықтық құралдармен және нысандармен қорғалады. Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясы орайлас дамуда. Ал олардың құрылымы мен дамуы адам құқығы мен бостандықтарын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Әлеуметтік құқықтық мемлекет пен адам құқығының өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты бір мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығында айқын көрініс тапқан.

Мәдениеттану пәні




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет