15 апта. Практика. Қазақтың халық ауыз әдебиеті



бет2/3
Дата14.12.2021
өлшемі111,65 Kb.
#100567
1   2   3
Байланысты:
15 апта. ҚТ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР.№8., Практикалық жұмыс.№3docx, Cиллабус, 1.3.Жаңа тас ғасыры (Неолит)
СРСП. Ғашықтық жырлары
Ғашықтық жырларының басты тақырыбы – соғыс емес, бейбіт өмірдегі екі жастың махаббаты. Романдық эпостың бір негізгі ерекшелігі – шығарманың аяқталуы көп жағдайда трагедиялы болып келеді.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры – нағыз өнерге лайық ширатылған сюжет, қызғылықты мазмұн, сомдалған образдар, жүйелі композиция, кестеленген өрнекті тіл бар, яғни бұл шығарма болмысты көркем түрде бейнелеген туынды.



«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры туралы қызықты деректер.

1) Бұл жырдың өте ерте заманда пайда болғандығы туралы М.Әуезов былай дейді: «Қозы Көрпеш нағыз қазақ жұртының әңгімесі болса да, өлгенше ескі заманның әңгімесі. Бұған дәлел – барлық түрік жұртына тегіс жайылғандығы, екіншісі, елдің салтын суреттеген жерлерінен білінеді... Олай болса, «Қозы Көрпеш» тым кәрі әңгіме». Сол сияқты бұл пікірді археолог, тарихшы-зерттеуші Әлкей Марғұлан да қолдайды: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының қай кезде шыққанын жақсылап айыратын белгінің бірі – оның күмбезі. Бұл күмбез өте ерте уақытта, исламнан көп бұрын, ғұн заманында не Түркі қағанаты кезінде тұрғызылған белгі».

2) Абай Құнанбаев «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын ел ішінен жазып алған.

3) Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин Орал қаласында болған кезінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алып, тіпті осы тақырыпта поэма жазуды жоспарлаған.

4) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры халық арасында нұсқасы көп тараған жырдың бірі болып есептеледі, өз халқымызда ғана емес туыс халықтар арасында да оның көптеген нұсқалары тараған, мысалы, бұл жырдың татар халқында 28 мәтіні хатқа түскен деген зерттеу пікір бар.

Халық арасында кең тараған, ең көне жырлардың бірі – «Қыз Жібек» жыры. «Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, жырда әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры баяндалады. Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, қазақ қыздарына деген рухани ескерткіш.

Төлеген – қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Оның бойында батырлық қасиеттен гөрі лирикасы басым. Оның арманы – өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Сондықтан да оның мінезі де, істері де әдеттегі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі – оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Керісінше, он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығып, өз ғашығына жетеді...

2 - сурет. «Қыз Жібек» жырының басты кейіпкерлері Қыз Жібек пен Төлеген.
Жырдың басты ерекшелігі – үлкен екі сюжеттен тұратындығы. Яғни «Қыз Жібек» – екі бөлімді шығарма. Бірінші бөлімінде Төлеген мен Жібектің сүйіспеншілігі мен Төлегеннің қарақшы Бекежанның қолынан мерт болғаны баяндалады. Ал, екінші бөлімнің мазмұны – Төлеген өлгеннен кейінгі Жібектің тағдыры және оның Сансызбаймен қосылуы.
Мәтін бойынша тапсырмалар.

1 тапсырма. Мәтінді екі бөлікке бөліп оқыңыз. Өзіңізге ұнаған бөлігін әңгімелеп беріңіз.

2 тапсырма. «Ғашықтық жырлары» мәтінін сатылай-кешенді талдау:

1 - саты

Мәтіннің авторы көрсетілмеген, мәтін «Қазақ тілі» оқу құралынан алынған.

2 - саты

Мәтін өзара мағыналық байланысты айтылатын екі немесе одан да

көп сөйлемдерден құралады.



3 - саты

Бұл мәтіннің тақырыбы: «Ғашықтық жырлары» деп аталады.

4 - саты

Бұл мәтіндегі негізі ой: қазақ ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі ғашықтық жырлары туралы мәлімет беру.

5 - саты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет