15 апта. Практика. Қазақтың халық ауыз әдебиеті



бет3/3
Дата14.12.2021
өлшемі111,65 Kb.
#100567
1   2   3
Байланысты:
15 апта. ҚТ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР.№8., Практикалық жұмыс.№3docx, Cиллабус, 1.3.Жаңа тас ғасыры (Неолит)
Сөздік жұмысы: кемінде 5-7 жаңа сөз жазылады.

ғашықтық жырлары – лирические эпосы



ерекшелігі – особенности

ширатылған сюжет – здесь: интересный сюжет

өрнектелген тіл – выразительный язык

қайғылы тағдыр – трагическая судьба



Сөйлемдер, кемінде 3-5 сөйлем құрастырылады:

Қазақ халқы ғашықтық жырларын жатқа білген. Ауыз әдебиетінің өз ерекшелігі бар. Батырлар жыры ширатылған сюжетке құрылады, т.б.

6 - саты

Бұл мәтін әңгімелеу мәтініне жатады, себебі бізге ғашықтық жырларының мазмұны, құрылымы туралы баяндайды. Мәтінінің кіріспе бөлігінде ғашықтық жырларының басты тақырыптары мен ерекшелігіне тоқталады. Мәтіннің негізгі бөлігінде ғашықтық жырларының тамаша үлгілері «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» және «Қыз Жібек» жырлары туралы әңгімелейді. Негізгі бөлім екі бөліктен тұрады. 1-ші бөлігі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры, оның өзіндік ерекшелігі туралы айтады. Одан әрі қарай автор осы жыр туралы қызықты мәліметтермен бөліседі. Мәтіннің 2-ші бөлігі ең көне жыр – «Қыз Жібек жыры» туралы баяндайды. Бұл жырдың аңыз әңгіме емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар екендігі айтылады. Одан әрі қарай автор Жібек пен Төлегеннің махаббаттарын аса сүйіспеншілікпен әңгімелесе, олардың қайғылы тағдырын өкінішпен баяндайды. Мәтіннің қорытынды бөлігінде бұл Жырдың басты ерекшелігі – үлкен екі сюжеттен тұратындығына назар аударады.

7 - саты

Өз пікірім. Маған мәтін өте ұнады, себебі бұл шығармалар туралы қызықты ақпараттар алдым. Маған әсіресе, А.Пушкиннің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алғандығы, осы тақырыпта поэма жазғысы келгендігі туралы мәлімет ұнады. Көптеген жаңа сөздермен таныстым, сөздік жұмысын жасадым. Мен мәтінді былайша қорытындылаймын: «Махаббат жақсы көрумен шектелмейді, сүйген адамың үшін күресу керек» - нақыл сөз!

3 тапсырма. «Қыз Жібек» жырының сюжеті бойынша түсірілген осы аттас қазақ фильм туындысын өз бетіңізше (үйде) тамашалап, көргеніңізді эссе түрінде баяндаңыз.

4 тапсырма. «Ауыз әдебиетінің баға жетпес үлгісі – шешендік өнер» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет