15 Дәріс. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық



бет2/2
Дата14.12.2021
өлшемі27,19 Kb.
#100469
1   2
Байланысты:
15 апта дәріс

Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңестеоның компетенциясына жататын ағымдағы мәселелер қаралады. Мұндай кеңестерді өткізу мектептің тоқсандық және айлық жоспарында белгіленеді.

Шұғыл ақпараттық кеңесмектепте оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірыңғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшін, кейде екеуіне бірдей өткізілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жұмыстары, кештер мен көркемшығармашылық студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Мектеп басшысының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.

Балалардың мектептегі басқару ісіне қатысуының тиімді формасы – сайланбалы орган – оқушылар комитетінің түрлі комиссияларына қатысуы мектеп өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалар бойында бастамашылық пен жауапкершіліктің қалыптасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.



Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, шұғыл ақпараттық кеңес өз басқарушылық қызметінің мақсатына тек ынтымақтастықта, өзара жауапкершілікті түсіну шартында ғана жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет